Биылғы жылдың 10 айында өндірілген өнім көлемі 74,3 млрд теңгені құрап, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9 млрд теңгеге артық орындалды(65,3 млрд теңге). Бұл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс және басқа да салалардағы бірқатар жобалардың табысты жүзеге асырылуының нәтижесінде қол жеткізіліп отыр.
Негізгі жетістіктер:
- Өнеркәсіп: Өндіріс көлемі 12,2 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2%-ға (102,2%) көп.
- Ауыл шаруашылығы: Өнім көлемі 46,9 млрд теңгеге өндіріліп, 110,7%-ды құрады.
- Құрылыс жұмыстары: Жүзеге асқан жұмыс көлемі 9,2 млрд теңгені, яғни 110,4%-ды құрады.
- Бөлшек сауда: Сауда көлемі 6,0 млрд теңгені құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 11,7%-ға артты.
- Тұрғын үй құрылысы: 12 213 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, жоспардың 102,4%-ға құрады.
Инвестициялық жобалар мен әлеуметтік сала
Ауданда мемлекеттік және әлеуметтік маңызы бар жобалар қарқынды түрде жүзеге асырылуда. 2024 жылы әр түрлі бюджет бағдарламалары негізінде 46 жоба жүзеге асып, 6,1 млрд теңге инвестицияланды.
Атап айтқанда:
- Малдыбай ауылындағы 120 орындық мектептің п құрылысы.
- Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және коммуналдық инфрақұрылымды жақсарту жобалары жүзеге асуда, оның ішінде 4 ауылда су жүйелерінің құрылысы жүргізілуде.
- Білім беру саласында 1,1 млрд теңгеге 2 жобаның жүзеге асырылуы нәтижесінде жаңа оқу орны мен мектепке жапсарлас спортзал құрылысы жүргізілуді. Денсаулық сақтау саласында 801,9 млн теңге көлемінде үш жаңа медициналық нысанның құрылысы жалғасуда.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
Жұмыспен қамту мәселесі аудан әкімдігінің жіті бақылауында. Биыл 3 733 адам жұмысқа орналасуға тартылып, олардың 1 801-і тұрақты жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, 89 агротехникалық колледж студентіне оқу барысында жұмысқа орналасу кепілдігі ұсынылды.
Жыл бойы мемлекеттік бағдарламалар аясында 180 аудан тұрғынына тұрғын үй берілді, ал жыл соңына дейін тағы 60 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда.
«Асар» бағдарламасы аясында соңғы үш жылда мұқтаж отбасыларға 29 үй салынып, берілді.
Газдандыру және инфрақұрылым
Газдандыру мәселесі аудан үшін маңызды болып қала береді. 35 ауылдық елді мекенге табиғи газ жеткізілген, бұл 99,5% тұрғындарды көгілдір отынмен қамтуда.
Одан бөлек, Сұмқайты ауылы мен Қорағаты станциясын газдандыруға бағытталған шаралар жоспарланып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Ауыл шаруашылығын және кәсіпкерлікті қолдау
Ауыл шаруашылығы саласында оң динамика қалыптасты: егіс алқаптары ұлғайтылып, ауыл шаруашылығы техникасының паркі 26,1%-ға жаңартылды.
«Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 4,1 млрд теңгеге 2 583 жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде 6 жаңа кәсіпкерлік нысан ашылып, 815 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Қорытындылай келе, 2024 жыл аудан үшін тұрақты өсу мен маңызды әлеуметтік-экономикалық жобалардың сәтті жүзеге асырылған жылы болды деп айтуға болады.