Байзақ ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері.
- author Zhambylokq
- 29 қараша, 2024
- 22
Аудан бойынша өнеркәсіп өнімін өңдейтін 20 заңды тұлға және 10 жеке кәсіпкер тіркелген. Оның ішінде, 7 заңды тұлға және 1 жеке кәсіпкерлік кәсіпорын тоқтап тұр. Үстіміздегі жылдың есепті кезеңінде ауданға 20,2 млрд. теңге инвестиция тартылып, 80,0 пайызды құрады. Жалпы, биылғы жылы 49,6 млрд теңгені құрайтын инвестиция тарту көзделуде. Сонымен қатар, биылғы жылы 10,9 млрд. теңгеге 44 инвестициялық жобаны іске асыру және жаңа 268 жұмыс орнын ашу күтілуде.
Жыл басынан жалпы құны 1 млрд. 684,4 млн. теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба іске асырылып, мұнда 64 жаңа жұмыс орындары ашылды. Қалған 29 жоба жыл аяғына дейін іске асырылады. Аталған жұмыстардың нәтижесінде жұмыспен қамтудың өңірлік картасына сәйкес 205 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.
2024 жылдың қаңтар-қазан айларында «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2,5 млрд. теңгеге 96 жоба қаржыландырылды.
Ауыл шаруашылығы саласында 2024 жылдың қазан айында өнім 100,6%-ға артып, 58,3 млрд. теңгені құрады. Мал шаруашылығында да айтарлықтай өсім бар. Мәселен, 10 айда 22,3 мың тонна (тірі салмақта) ет (114,8%),28,7 мың тонна сүт (100,8%) және 11,4 млн. дана жұмыртқа (100,1%) өндірілді.
Аудан бойынша жалпы 55 шаруашылық құны 1679,2 млн. теңге тұратын 160 жаңа техникалар сатып алды. (оның ішінде 52-трактор, 6-комбайн және 102-әр түрлі техникалар). Бүгінгі күнге техника жаңару көрсеткіші 9,9% құрап отыр. Жыл соңына дейін техникамен жаңару деңгейін 10%-ға арттыру міндеті тұр.
2024 жылы 67 шаруашылық қант қызылшасы дақылын жалпы 3010 гектар егіс алқапқа орналастырды. Қант қызылшасы дақылының 1860 гектар егіс алқабына су үнемдеу технологиясы енгізілді. Оның ішінде 760 гектар жаңбырлатып суару, 1100 гектар тамшылатып.
Ауданда тұрғын үй мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Ауданда жаңа массивтер мен көпқабатты үйлер бой көтеруде. Жыл басынан бері 39.1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін 47,3 мың шаршы метр тұрғын үй беру жоспарда. Бүгінде құны 2,5 млрд. теңгені құрайтын 60 пәтерлі 4 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға пайдалануға берілді.
Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша ауданда бірқатар шаралар атқарылуда. 43 елді мекеннің 38 елді мекені ауыз сумен қамтылған, немесе елді мекеннің 88,4%. Газдандыру мәселесіне тоқталар болсам, аудан аумағында орналасқан 43 елді мекен толығымен100% көгілдір отынмен қамтамасыз етілген.
Аудан аумағында жалпы 137,5 шақырымды құрайтын аудандық маңыздағы автомобиль жолдары және 437,6 шақырымды құрайтын 434 елді мекен көшелері орналасқан. 2024 жылы аудандық маңызы бар жолдардың үлесін 98%-ға (2023ж. - 95%) және елді мекен көшелерін жыл соңына дейін 93%-ға (2023ж. – 92,3%) жеткізу жоспарлануда.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес, елімізде, соның ішінде жаңа, заманауи білім ошақтары бой көтеруде. Атап айтқанда, «Жайлы мектеп» жобасымен Сарыкемер ауылында 600 орындық мектеп құрылысы жүргізіліп ағымдағы жылдың қыркүйек айында пайлануға берілді.
2024-2025 жылы 2 жаңа мектеп құрылысы және Қосақ ауылындағы қосымша құрылыс салу арқылы пайдалануға беріледі.
2023 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 25 келушіге арналған Жетібай және Диқан ауылдарында дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары биыл аяқталып, ағымдағы жылы шілде айында ауыл тұрғындарына пайдалануға берілді. Сонымен қатар осы жоба аясында Дихан-2, Базарбай, Тегістік ауылдарына фельдшерлік-акушерлік тіректері және Қызыл жұлдыз ауылына дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Елді мекендерді мәдениет нысандарымен қамту, олардың халыққа қызмет көрсету деңгейін арттыру үшін Кеңес ауылына 191 млн. теңге бөлініп, 90 орындық мәдинет үйінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілді.
Бүгінгі күнге Қостөбе, Құмжота ауылында кіші футбол алаңы салынып пайдалануға берілсе, 1 кіші футбол алаңы және 2 құрамдастырылған спорт алаңшаларының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сарыкемер ауылында жалпы сомасы 324,7 млн. теңгені құрайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
2024 жылдың 10 айда аудан бойынша барлығы 270 қабылдау өткізіліп, 494 азамат қабылданды. Аудан әкімі - 17 қабылдау жүргізіп, 42 азаматты қабылдаған, оның 5-і қанағаттандырылып, 14-не жазбаша, 23-не ауызша түсінік берілген.