Жаңалықтар
Тоқаев Зульфия Сүлейменоваға экологияға қатысты бірқатар тапсырма берді
- author Zhambylokq
- 29 қараша, 2024
- 196
Өткен және алдағы халықаралық шаралар талқыланды
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент кеңесшісі – Халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкіл Зүлфия Сүлейменованы қабылдады.
Мемлекет басшысына Бакуде өткен БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-конференциясының басты қорытындылары туралы мәлімет берілді, деді Ақорда.
Тоқаевқа 3 желтоқсан күні Эр-Рияд қаласында өтетін One Water Summit халықаралық іс-шарасына әзірлік барысы баяндалды. Аталған саммит Қазақстан мен Франция төрағалығымен, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің және Сауд Арабиясының қолдауымен ұйымдастырылады, – делінген ақпаратта.
Президент Қазақстанның экология, су ресурстары әрі биоалуантүрлілікті сақтау бағытындағы бастамаларын сапалы іске асыруды тапсырды.
Келесі мақала
ЗАҢСЫЗ ОЙЫН БИЗНЕСІНІҢ 4 ДЕРЕГІ АНЫҚТАЛДЫ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ТАЛАЙ ЖЫЛ БОС ЖАТҚАН ЖЕРЛЕР ҮКІМЕТ ҚОЛЫНА ҚАЙТАРЫЛЫП ЖАТЫР
- авторZhambylokq
- 20 қараша, 2025






