Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі «Тұмау, жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және коронавирус инфекциясы (COVID-19) бойынша 2024-2025 жылдардың эпидемиялық маусымына арналған санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы» №7 Қаулысына сәйкес жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония) кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.
ЖРВИ мен тұмаудың алдын алудың негізгі шараларына спецификалық және спецификалық емес профилактика жатады.
Тұмауға қарсы вакцинация – бұл спецификалық алдын алу. Вирус жұқтырған жағдайда алынған вакцина аурудың ауыр ағымынан және мүмкін асқынудан қорғайды.
Спецификалық емес алдын-алу шаралары иммунитетті арттыруға, денені жалпы нығайтуға бағытталған.
Жедел респираторлы вирустық инфекция мен тұмау адамнан адамға ауа-тамшылы және тұрмыстық қатынас жолдары арқылы берілетінін білу маңызды. Осыны ескере отырып, Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті:
- сырқаттанушылықтың көтерілуі кезеңінде адамдар көп жиналатын орындарда болу уақытын шектеу және бетперде кию;
- мүмкіндігінше аурудың белгілері бар адамдармен байланысты шектеңіз, мысалы, мұрынның ағуы және жөтел;
- бөлмені жиі желдетіңіз, ылғалды тазалауды үнемі жасаңыз;
- дәрігердің ұсынысы бойынша иммунитетті жоғарылататын препараттарды қолдану;
- салауатты өмір салтын ұстану, толық ұйқы, теңдестірілген тамақтану және тұрақты жаттығулар жасауға кеңес береді.
Назар аударыңыздар! Аурудың алғашқы белгілері пайда болған жағдайда, өз бетімен үй жағдайында емделуге болмайды, білікті медициналық көмек алуға дәрігерге жүгіну қажет!!!