ӨРТТІ ЕРТЕ АНЫҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ: АУМАҚТЫ 20 ЕСЕ ҚЫСҚАРТУ ЖӘНЕ ОРМАН ӨРТТЕРІН СӨНДІРУ ШЫҒЫНДАРЫН 15 ЕСЕГЕ АЗАЙТУ
- author Zhambylokq
- 10 желтоқсан, 2024
- 23
«Халықтың экотуризмге деген қызығушылығын қолдау мақсатында геоақпараттық платформада орналастырылған барлық табиғи объекті Яндекс картасында қолжетімді, мұнда азаматтар ақпарат алып, өз маршруттарын алдын ала жоспарлай алады. Стихиялық полигондардың пайда болу орындарын анықтауда ғарыштық мониторингті қолдану, ормандарды заңсыз кесу, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры аумағында термалды нүктелерді табу Интерактивті картаның негізгі элементтерінің бірі болып табылады», – деді Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Құрмалаев.
Стихиялық полигондардың мониторингі ірі қалалар мен елді мекендерді қамтитын 46 қызығушылық аймағын қамтиды. Ағымдағы жылы 4 896 рұқсат қағаздары жоқ полигон анықталды. Адами факторды болдырмау және рұқсат етілмеген полигондарды жою кезінде тиімді мониторинг жүргізу мақсатында қос ұшуды, оның ішінде өңірлердің рейтингін автоматты сәйкестендіру және қалыптастыру үшін жасанды интеллекті қолдануды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Орманды кесу мониторингі ғарыштық суреттерді ормандағы материалдар және берілген ағаш кесу билеттерімен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Орманды заңсыз кесуге байланысты құқық бұзушылықтарды жедел анықтау және оларға ден қою мақсатында табиғи ресурстардың интерактивті картасында «Ағаш кесу билетін беру» мемлекеттік қызметі толығымен автоматтандырылды. Бүгінгі таңда жүйе ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес тексеруден өткізіліп жатыр. Өнеркәсіптік пайдалануға енгізілгеннен кейін барлық орман шаруашылығында мемлекеттік қызметті іске қосу жоспарлануда.
Сонымен қатар жылу нүктелерін анықтау арқылы орман өрттеріне спутниктік мониторинг жүргізіледі. Орман өрттеріне тиімді ден қою мақсатында орман мекемелерінің аумағында өрт қауіптілігі санатын есептеу автоматтандырылды. Осыған байланысты орман және табиғат қорғау мекемелерінің тартылатын күштері мен құралдары айқындалады және дайындыққа келтіріледі.
«Министрлік орман өрттерін ерте анықтаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізуде. Бұл орман алқаптарын үздіксіз бақылауды қамтамасыз етеді. Мамандандырылған оптикалық датчиктер мен деректерді талдау алгоритмдері түрлі жағдайларда, соның ішінде таулар мен далада, тіпті ұзақ қашықтықта да өртті автоматты түрде анықтайды. Жасанды интеллект жүйеге біріктірілген, ол деректерді түсіреді және оны жедел басқару орталығына бірден жібереді. Жүйе енгізілген учаскелерде бейнекамералар, деректерді жіберуге арналған антенналар, сондай-ақ деректерді өңдеу және электрмен жабдықтау жүйесі орнатылады. Бүгінгі таңда жүйе «Ертіс Орманы» табиғи резерватында және «Көкшетау» Ұлттық паркінде енгізілген. Осыған ұқсас жүйелер «Медеу» өңірлік паркінде, «Бурабай» Ұлттық паркінде, Қостанай, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының орман мекемелерінде енгізілген», – деп атап өтті вице - министр.
Жедел әрекет ету тиімділігін арттыру және басқару шешімдерін қабылдау үшін ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы базасында бірқатар іс-шара іске асырылды. Орман өрттерін ерте анықтаудың қолданыстағы жүйелерін біріздендіру жүргізілді, яғни жергілікті орындарда ахуалға орталықтандырылған бейнемониторинг жүргізілуде; орман мекемелерінің ұшқышсыз ұшу аппараттарының камераларынан бейне ағынның трансляциясы қосылды; орман өрттерінің таралуын модельдеу және өрт қауіптілігі индексін есептеу іске асырылды.
«Әрекет ету уақытын 3 есеге қысқарту, өрт алаңын 20 есеге қысқарту және орман өрттерін сөндіру шығындарын 15 есеге азайту жүйенің негізгі тиімді тұстары болып табылады. Министрлік өрт шығу қаупі басым орман шаруашылықтарын анықтады, мұнда ҚР ТЖМ Командалық орталығына қосыла отырып, жүйені кезең-кезеңімен масштабтау жоспарлануда», – деп атап өтті спикер.
Сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және келушілер көрсеткішін талдау мақсатында Іле-Алатау, Шарын, Сайрам-Өгем, Баянауыл, Көлсай көлдері мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінің аумағындағы бақылау-өткізу пунктері автоматтандырылды.