КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫМЕН АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
- author Zhambylokq
- 24 желтоқсан, 2024
- 10
Химия саласы республика бойынша фосфордың 100%, минералды тыңайтқыштардың 81%-ын өндіреді. 2024 жылдың қаңтар-қараша айларында салада 240,2 млрд теңге өнім өндіріліп, экспорттың 77%-ын қамтамасыз етті.
Алдағы уақытта облысымыздың химия саласында келесі ірі жобаларды іске асыру көзделуде. Олар:
- «Yildirim Holding» кальцийлендірілген сода өндіретін зауыт құрылысы, «Eврохим-Қаратау» ЖШС - минералды тыңайтқыштар өндіретін зауыт құрылысы, «Karatau Chemicals» ЖШС пиросульфит натрий өндіретін зауыты, «TALAS INVESTMENT COMPANY» ЖШС натрий цианидінің өндірісін екі есеге ұлғайту.Жалпы бұл жобалардың құны 710 млрд теңгені құрайды.
2024 жылдың 8 айының қорытындысымен облыста өңделген тауарлар экспортының көлемі 178,7 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 139,5%-ға артқан.
Атап айтсақ, облыс аумағындағы жергілікті мемлекеттік органдар ағымдағы жылдың 11 айында
8,67 млрд. теңгенің тауарларын сатып алып, оның ішінде қазақстандық қамту үлесі 4,97 млрд.теңгені немесе 57,4% құрады.
2024 жылдың 1-ші желтоқсан жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 104 278 бірлікті құрап, 2024 жылға қойылған меже (85 мың адам) 22,7% артық орындалды.
ШОБ субьектілерінің дамуының арқасында 2024 жылдың 2-ші тоқсанына шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тарапынан 595,9 млрд. теңгенің өнімі (жұмыс, қызмет) өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,9% өскен.
2024 жылдың 1-ші желтоқсанға облыста орналасқан қаржы институттарымен несие сомасы 154,5 млрд.теңгені құрайтын барлығы 38 647 кәсіпкерге несие берілді. Берілген несиелердің 40,1 млрд.теңгені құрайтын 1 766 жобасы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылды.
Республикалық бюджет есебінен 1 жобаға 830,0 млн.теңге қаражат бөлінді («Qazaq Soda» ЖШС су тарту құрылысына – 830,0 млн.тенге).
«Гранттық қаржыландыру» құралы бойынша 21,0 млн теңге
6 жоба қаржыландырылды.
2024 жылдың IІ тоқсанның қорытындысы бойынша облысқа
21,7 млн АҚШ доллары тікелей шетелдік инвестициялар тартылды.
Қазіргі уақытта құны 207 млрд теңгені құрайтын 32 жоба іске қосылды. 674 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Ағымдағы жылы 11 ай қорытындысымен сауда көлемі 871,0 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиістің кезеңімен салыстырғанда 2,8%-ға артты. Облыста ағымдағы жылы жалпы ауданы 9557,64 шаршы метр болатын 12 ірі сауда үйлері салынды, бұл 500 ден астам кәсіпкерді заманауи форматтағы сауда орындарымен қамтамасыз етеді. 2024-2025 жылдарға қысқы, көктемгі маусымаралық кезеңге көкөністер бойынша жалпы 7797,1 тоннаға форвардтық келісім-шарт жасалынды.
Соңғы жылдары облыс кәсіпкерлері арасында туризм саласына инвестиция салу белсенділігі артып келеді. Осы жағдайға сәйкес соңғы уақытта (соңғы екі жылда) 6 туристік объект іске қосылып, олар облыс тұрғындары мен қонақтарына табысты қызмет көрсетуде. Оның ішінде тау шатқалдарында орналасқан «Көксай» (Жуалы), «Алмалы» (Жамбыл) демалыс аймақтары, Тараз қаласында ашылған «Zerbulaq» аквапаркі сияқты ірі туристік аймақтармен қатар, қонақ үйлер («Grand Way Hotel»), жол бойындағы сервистік кешендер («Royal Petrol») саны артып отыр.
Қазіргі кезде, облыс аумағында жалпы соммасы 16,4 млрд. тенгені құрайтын 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда:
Ағымдағы жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша облысқа 151 110 турист келген. Туристер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 138 % - ға артқан. Оның ішінде 2 471 шетелдік, 148 639 еліміздің басқа өңірлерінен келген туристер.