Жаңалықтар
Жамбылда «Бизнеске жол» жобасы аясында 2000-нан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды
- author Zhambylokq
- 24 желтоқсан, 2024
- 151

Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Е.Мақажанов мәлімдеді.
«Бизнес жол» жобасы шеңберінде кәсіпкерлердің мемлекеттік органдармен жиі ұштасатын салалар зерделеніп, олар бойынша 11 кейс анықталып, департаменттің ұсынымдарынан кейін 2143 кәсіпкердің құқығы қорғалды. Мысалы, Жуалы ауданының кәсіпкерлері «Ауыл Ел Аманаты» жобасы шеңберінде 3 айдан астам уақыт бойы жеңілдетілген кредит ала алмаған. Департаменттің ұсынысы бойынша 13 кәсіпкердің несие алуға өтінімдері мақұлданып, кәсіпкерлердің құқықтары қорғалады.
Келесі мақала
ЖАМБЫЛДА 83 ЖҮЙЕЛІ ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ «JIBEK JOLY» АЭА АРҚЫЛЫ ӘЛЕМДІК НАРЫҚҚА ҚАДАМ БАСУДА
- авторZhambylokq
- 13 тамыз, 2025