Мемлекеттік сатып алу саласында жаңа тәсілдер қолданылады
- author Zhambylokq
- 27 желтоқсан, 2024
- 15
Оның хабарлауынша, қазір сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға басымдық беріліп отыр.
Ең алдымен, өнім берушіні таңдаудың сапалық емес өлшемшарттарын дамыту көзделген.
«Бүгінгі күні бізде сапалық емес 2 критерий бар. Біріншіден ол – Мемлекеттік кірістер базасындағы әлеуетті өнім беруші туралы ақпарат: оның төленген салықтары, жұмыскерлердің жалақысы туралы ақпарат, оның қаржылық тұрақтылығы. Екінші ақпарат көзі – жұмыс өтілінің депозитарийі. Осы Заңмен біз ақпарат көздерін ұлғайтып жатырмыз. Әлеуетті тауар жеткізушілері туралы бағалық емес ақпараттарды кеңінен пайдаланатын боламыз», – деді спикер.
Келесі жаңашылдық – қоғамдық мониторинг институтын енгізу. Биыл сәуір айында «Қоғамдық бақылау туралы» Заң қабылданды. Құжатта қоғамның белгілі бір процестерге әсер ету механизмі көрсетілген. Қоғам өкілдері мемлекеттік сатып алу саласында білгілі бір кемшіліктерді байқаған жағдайда, олар қоғамдық мониторинг институтын пайдалана алады.
Шағымдарды қараудың жаңа тетігі енгізіліп, бақылаушы органның рөлі қайта қаралды. Сатып алу рәсімдерінің созылып кетуін болдырмау мақсатында қорытындыларды қайта қарау жөніндегі функция сатып алуды ұйымдастырушыға беріледі. Қорытындыларға шағымдану құқығы жеңімпаздарын конкурстық комиссия айқындаған сатып алулар бойынша ғана беріледі. Сатып алу қорытындыларын қайта қараудың осындай тәсілі Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің талаптарына сәйкес келеді.
Мемлекеттік сатып алу саласындағы проблемалардың бірі – рәсімдердің ұзаққа созылуы. Бұған дейін шағымдар кемінде 45 күн қаралса, енді бұл мерзім 6 күнге дейін қысқартылды.
Ұқсас жаңалықтар
«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ 2024 ЖЫЛЫ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
- авторZhambylokq
- 27 желтоқсан, 2024