Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбылда 4000-ға жуық этнос өкілдері мемлекеттік тілді үйренген

Жамбылда 4000-ға жуық этнос өкілдері мемлекеттік тілді үйренген
ашық
Мемлекеттік тілді оқытудың 2024-2026 жылдарға арналған жол картасындағы индикатор бойынша 2024 жылы тіл үйренушілер санын 4637-ге жетті. Оның ішінде мемлекеттік тілде 4052 тыңдаушы қамтылса (81,7% өзге этнос өкілдері), орыс тілін оқу курстарына 30 тыңдаушы, ағылшын тілін үйрету курстарына 555 тыңдаушы тартылған.

2024 жылы мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға бағытталған әр түрлі форматтағы 148 іс-шара ұйымдастырылып, 5  мыңға жуық  адам қамтылды.
Елімізде азаматтардың мемлекеттік тіл – қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау – Қазтест жүйесі арқылы анықталады. Облыстық Тілдерді оқыту орталығы  базасында  соңғы 8 жылда 21 422 адам тестілеуден өтті. 2024 жылы 55 мемлекеттік қызметші, «Болашақ» халықаралық стипендиясына және докторантураға үміткер 117 адам, барлығы 172 адам сертификаттық тест тапсырды. Мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдар қызметкерлерінен 1592 адам деңгейді анықтайтын диагностикалық тестілеуден өтті.
2025 жылдың қаңтар - ақпан айларында тіл оқыту курстарына тартылған тыңдаушылардың саны 1748 адам, оның ішінде мемлекеттік тіл курсына 1407 тыңдаушы, ағылшын тілі курсына 341 адам қатысып отыр.            

Бұл туралы Тілдерді оқыту орталығының директоры Қуаныш Дәурембеков БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз конференциясында атап өтті.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар