2025 жылға жеке куәліктер мен төлқұжаттарды ресімдеуге мемлекеттік баж көлемі мен турист- автомобилистерге арналған жадынама
- author Zhambylokq
- 10 ақпан, 2025
- 149

2025 жылы 1 қаңтардан бастап жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерде қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 мың 932теңгені құрайтынын хабарлаймыз(2024 жылғы 4 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң).
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) 615-бабына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттарды беру үшін мемлекеттік баж:
- Қазақстан Республикасы азаматының паспорты мына көлемде:
24 бет – 15 мың 728теңге(4 АЕК)(16 жасқа дейінгі балалар үшін);
36 бет – 31мың456 теңге (8 АЕК);
48 бет – 47мың184 теңге (12 АЕК);
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаты– 786,4 теңге(0,2 АЕК);
- бір жылдың ішінде екі реттен көп жоғалуына байланысты Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі –3 мың 932 теңге(1 АЕК);
- азаматтығы жоқ адамның куәлігі, жол жүру құжаты–31 мың 456 тенге (8 АЕК) құрайтынын барлық аумақтық көші-қон құрлымдарына жеткізілсін.
Сондай-ақ АЕК мөлшері өзгергенін мемлекеттік бажды талап ететін мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ескеру қажет(Салық кодексінің 613-бабына сәйкес):
1) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мынадай құқыққа визалар бергенi, қалпына келтіргені немесе ұзартқаны үшiн:
Қазақстан Республикасынан кетуге – 1 мың 966 теңге(0,5 АЕК);
Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге– 27 мың 524 теңге(7 АЕК);
Көп рет Қазақстан Республикасына келуге және ҚазақстанР еспубликасынан кетуге – 117 мың 960теңге(30 АЕК);
2) Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығыжоқадамдарға Қазақстан Республикасынан тұрақтытұрғылықтыжерге кетугеқұжаттарды ресімдегеніүшін – 3 мың 932 теңге(1 АЕК);
3) шетелдіктер мен азаматтығы жоқадамдардыңҚазақстан Республикасынажекеістері бойынша келуінешақырулардыресімдегені, ҚазақстанРеспубликасыныңвизаларын беру бойынша қабылдаушытұлғалардың шақыруларынкеліскені үшін – әрбір шақырылушыүшін 1 мың 966 теңге(0,5 АЕК);
4) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы құжаттарды ресiмдегенi үшiн – 3 мың 932 теңге(1 АЕК);
5) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат бергені үшін – 15 мың 728 теңге(4 АЕК).
Сондай – ақ атап айтатын тағы бір мәселе елімізде автотуризмді дамыту мақсатында Туризм және спорт министрлігімен QR-код пен турист-автомобилистергеарналғанжадынама әзірленді. Қосымша слайдтан мәлімет алуға болады.