«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасын түсіндіру
- author Zhambylokq
- 17 ақпан, 2025
- 38

Департаменттің тарифтік саясаты, ол тұрақты түрде табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің тарифтерімен бағаларына негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында жұмысты жүргізу.
Департамент Жамбыл облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің Жергілікті бөліміне енгізілген қызметтердің 60 түрін көрсететін 40 табиғи монополия субъектісін реттейтін орган болып табылады. Олардың ішінен:
- сумен жабдықтау кызметтері бойынша – 20 ТМС;
- сарқынды суларды бұру қызметі бойынша – 10 ТМС
- табиғи газды тасымалдау қызметтері бойынша – 1 ТМС;
- суды арналар арқылы беру қызметтері бойынша– 2 ТМС;
- жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау қызметтері бойынша – 18 ТМС;
- кірме темір жолдары қызметтері бойынша – 8 ТМС;
- электр энергиясын беру және бөлу қызметтері – 1 ТМС.
Қазіргі уақытта Департаментпен 6 өтінім қаралуда («Жуалы су» (жоба өсім-95,8%), «Игілік» (су -107,06%, кәріз – 41,46%, жылу -53,44%), (СПК Қонаев Дихан (жаңа құрылған, калалдар арқылы су беру), ТОО «НДФЗ» (кірме жолдар – 21,77%).
Кросс субсидиялаудан біртіндеп бас тарту
ҚР Премьер министрінің бірінші орынбасары Р.В.Склярмен бекітілген кросс субсидиялаудан біртіндеп бас тарту жөніндегі жоспар кестеге сәйкес, 2025-2029 жылдар аралығында сараланған тарифтен бас тартып, тұтынушы топтарына орташа бір тариф бекіту қарастырылған. Жамбыл облысы бойынша 2024 жылы жоспарға сәйкес кросс-субсидиялаудан біртіндеп бас тарту:
* электрмен жабдықтау саласында - 23%-ға;
* жылумен жабдықтау саласында - 51%-ға;
* сумен жабдықтау саласында - 34%-ға;
* сарқынды суларды бұру саласында - 35%-ға;
* тауарлық газбен жабдықтау саласында - 18%-ға орындалды.
Коммуналдық қызметтерді тұтынудың әлеуметтік нормалары
Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 247 тармағына сәйкес, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифті саралау мақсатында тұтынушылар топтарға бөлінеді:
1) халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылу энергиясын өндіру процесінде өз мұқтаждарына суды тұтыну көлемі және ыстық сумен жабдықтау қызметтерін көрсету кезінде (ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесі кезінде) үстемелеп толтыру көлемі шегінде жылу энергиясын өндірумен айналысатын ұйымдар, бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар көлемінің шегінде жылу энергиясын берумен және бөлумен айналысатын ұйымдар және сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар – бірінші топ;
2) өзге тұтынушылар – бірінші және үшінші топтардың құрамына кірмейтін заңды тұлғалар – екінші топ;
3) бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар – үшінші топ.
Жеке тұлғаларды ресурс үнемдеуге ынталандыру мақсатында бірінші топтың сумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифі тұтынушылардың мынадай санаттары бойынша сараланады:
1-кіші топ –1 адамға шаққанда айына 3 м3-ге дейін реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар;
2-кіші топ – 1 адамға шаққанда айына 3 м3-ден астамнан 5 м3-ге дейін реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар (20%);
3-кіші топ – 1 адамға шаққанда айына 5 м3-ден астамнан 10 м3-ге дейін реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылу энергиясын өндіру процесінде өз мұқтаждарына су тұтыну көлемі және ыстық сумен жабдықтау қызметтерін көрсету кезінде (ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесі кезінде) үстемелеп толтыру көлемі шегінде жылу энергиясын өндірумен айналысатын ұйымдар, бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар көлемінің шегінде жылу энергиясын берумен және бөлумен айналысатын ұйымдар және сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар (50%);
4-кіші топ –1 адамға шаққанда айына 10 м3-ден астам реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар және суды есепке алудың жеке аспаптары жоқ жеке тұлғалар (100%).
Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 272-1 тармағына сай, жалпы ауданның мөлшерін ескере отырып жылу энергиясын тұтынудың әлеуметтік лимиттерін белгілеу шеңберінде бірінші топ тұтынушылары, халық санатына жататын жеке тұлғалар үш кіші топқа бөлінеді:
1-кіші топ – халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылытылатын аудан 100 м2 -ге дейін;
2-кіші топ – халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылытылатын аудан 100-ден астам және 200 м2-ге дейін;
3-кіші топ – халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылытылатын аудан 200 м2 -ден астам.
Жоғарыдағының негізінде, Департаментпен «Жамбыл Су» МКК, «Таразэнергоорталық» АҚ және «Жанатас су жылу» МКК-нің тарифтері тұтынудың әлеуметтік нормаларымен бекітілген.
«Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында желілердің тозу көрсеткіштерінің 2030 жылға дейін кем дегенде 15% - ға төмендеуі көзделген.
2024 жылдың 1 қаңтарына Жамбыл облысында тозу деңгейі бойынша қызыл аймаққа енгізілілген 4 ТМС бар, атап айтқанда:
* «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС
* «Таразтрансэнерго» МКК
* «Жамбыл Су» МКК
* «Таразэнергоорталық» АҚ
«Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыруға байланысты 3 ТМС-нің (Жамбыл электр жүйесі ЖШС, Жамбыл су, Таразтрансэнерго КМК) инвестициялық бағдарламасына ЖАО бірлесіп өзгерістер енгізілді.
1. «Таразтрансэнерго» КМК 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жылу желілерінің тозуы 67,8% - құрайды (2025 жылға-66,8%). Желі ұзындығы – 229 шақырым.
2024 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламаның жалпы сомасы -
935 356,3 мың теңге.
2025 жылға бекітілген қосымша инвестициялық бағдарламаның жалпы сомасы -
858 509,5 мың теңге.
2. «Жамбыл Су» КМК 2024 жылғы 1 қаңтар бойынша тозу деңгейі - 71,0% - құрайды (2025 жылға-65%). Желілер ұзындығы – 784 шақырым.
2024 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламаның жалпы сомасы -
469 075 мың теңге.
2024 жылы ЖАО «Жамбыл су» МКК-нің балансына су құбыры желілерін өткізіп, тозу деңгейі 71% - дан 65% - ға (6% - ға) дейін төмендеді және қызыл аймақтан сары аймаққа ауыстырылды.
2025 жылға қосымша бекітілген инвестициялық бағдарламаның жалпы сомасы – 266 766,1 мың теңге.
3. «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС-нің 2024 жылы 1 қаңтардағы жағдай бойынша негізгі құралдардың тозуы орта есеппен 79,04% құрайды (2025 жылға-77,8%). Желі ұзындығы – 13 894 шақырым.
2024 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламаның жалпы сомасы -
2 495 486,2 мың теңге.
2025 жылға 1,319 млрд теңге соммасына инвестициялық бағдарламаға қосымша іс-шаралар бекілді.
4. «Таразэнергоорталық» АҚ-ның 2024 жылғы 1 қаңтар бойынша тозу деңгейі - 74,5% - құрайды (2025 жылға-73,5%).
2024 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламаның жалпы сомасы -
106 707,6 мың теңге.
Жамбыл облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 01.03.2024 ж. №3115-24-00-2/4 «Таразэнергоорталық» АҚ қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы шешім қабылдады.
Жүргізілген тексерулер және салынған айыппұлдар
Департамент қызметінің басты бағыттарының бірі – табиғи монополия саласында заңнаманың сақталуын бақылау.
Бұл бағытта 2024 жылы Жамбыл облысының жергілікті мемлекеттік тіркеліміне енгізілген 7 табиғи монополия субъектілеріне қатысты тексеру жүргізіліп, оның 5 заң бұзушылықтар анықталды.
Табиғи монополиялар туралы заңнаманың бұзылуын қалпына келтіру жөнінде 5 нұсқама енгізіліп, оның 3 толығымен орындалды, 2 орындалу барысында.
2024 жылы Департамент тарапынан 6 табиғи монополия субъектісіне қатысты 7 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, жалпы сомасы 8 196 240 теңге көлемінде айыппұл салынды (толығымен төленді).
Тарифке әсер ететін негізгі факторлар:
- стратегиялық тауарлар құнының өсуі: көмір, мазут, дизель отыны, газ, электроэнергия және т.б.;
- негізгі құралдар құнының өсуіне әкелмейтін күрделі және ағымдағы жөндеулер;
- өндірістік персоналдың еңбекақы төлеу қорын индекстеу;
- иесіз желілер: оларды сенімгерлік басқаруға қабылдауды ескере отырып, ЖАО желілерін ұстауға арналған шығындар;
- МЭ бекітілетін тауарлық газға көтерме бағаның жыл сайынғы өсуі;
- Мемлекеттік салықтар және басқа да төлемдердің ставкасының өзгеруі.
«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 658 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 27-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 1102 қаулысымен «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы бекітілді.
Ұлттық жобаны әзірлеудің мақсаты - Халыққа коммуналдық қызметтерді сенімді әрі сапалы көрсетуді және ел экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды (желілер мен объектілерді) жаңғырту
Күтілетін әлеуметтік әсер (сапалық және сандық мәнде) - Авариялар деңгейін 20 %-ға төмендету, энергетикалық және коммуналдық активтердің тозу деңгейін ел бойынша орта есеппен 40 %-ға дейін төмендету
Ұлттық жобаның іске асыру мерзімі - 2025-2029 жылдар аралығы.
Бекітілген Ұлттық жобаның іске асырудың жоспар-кестесіне сәйкес, Жамбыл облысы бойынша Энергетикалық және коммуналдық секторлардың инфрақұрылымын (желілері мен объектілерін) жаңғырту және салуға төмендегідей қаржы жоспарлануда.
1. Жылумен жабдықтау желісінің тозу деңгейін азайту мақсатында - 61,308 млрд. теңге
2. Электрмен жабдықтау желісінің тозу деңгейін азайту мақсатында – 19,885 млрд. теңге
3. Сумен жабдықтау желісінің тозу деңгейін азайту мақсатында – 24,641 млрд.теңге
4. Су бұру желісінің тозу деңгейін азайту мақсатында – 6,369 млрд. теңге
5. Жамбыл облысында кәріз-тазарту құрылыстарын салуға – 80,706 млрд.теңге
Депаратментпен аталған Ұлттық жобаға сәйкес Жамбыл облысы бойынша табиғи монополия субъектілерінің қатысуымен 2025 жылы 11 қаңтарда, тиісті іс-шара өткізілді.
Нәтижесінде 2025 жылы Ұлттық жобаға қатысуға «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС, «Жамбыл Су» КМК құжаттар пакетін дайындауда.
Цифрлы нотариат
Ұқсас жаңалықтар
Орман өрттерінің алдын алу: "Казавиаорманқорғау" әуе патрульдерінің рөлі
- авторZhambylokq
- 11 наурыз, 2025