
Ағымдағы жыл басынан бері Жамбыл облысы аумағында 83 өрт (2024 ж-99) оқиғасы тіркеліп, жалпы соммасы 9 млн. 460 мың теңгені (2024 ж-27 млн. 190 мың тг) құрайтын материалдық шығынға алып келді. Өрт салдарынан 1 адам (2024 ж-0) жарақат алды, қаза болғандар (2024 ж-1) жоқ.
Өрттердің шығу себебінің басым көпшілігі электр сымдарының қысқаша тұйықтауы, пеш құбырының ақауынан және тұрғындардың отқа абайсыз болуынан болып отыр.
Өрттердің алдын алу мақсатында департаменттің және оның аудандық бөлімшелерінің қызметкерлерімен тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлықтарын, әртүрлі акцияларды және күнделікті негізде үйлерді аралауларды, жиналыстар мен халықпен жиындарды өткізуде.
Атқарылып отырған жұмыстар барысында өрт оқиғасы 19%- ға (16 өртке) азайып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Орман өрттерінің алдын алу: "Казавиаорманқорғау" әуе патрульдерінің рөлі
- авторZhambylokq
- 11 наурыз, 2025