Жаңалықтар
Жамбыл авиациялық бөлімшесінде 2024 жылы орман өрті бар маусымның қорытындылары және 2025 жылға дайындық
- author Zhambylokq
- Бүгін, 09:31
- 13

Қазақ авиациялық орман күзеті және орман шаруашылығын қызмет көрсету авиациялық базасы 1978 жылы құрылған. Қазіргі уақытта ол Республикалық мемлекеттік қазыналық мекеме «Казавиаорманқорғау» деп аталады.
Бүгінгі таңда РМҚК «Казавиаорманқорғау» 10 облыстағы 15 авиациялық бөлімшеге қызмет көрсетеді. Республика бойынша мемлекеттік орман қорының қорғалатын аумағы 8 млн 869 мың гектар құрайды.
РМҚК «Казавиаорманқорғау» негізгі функциялары мен міндеттері.
- Өртке қарсы авиациялық күзет (потрульдеу) және авиацияны қолдана отырып өртті сөндіру;
- Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнаманың бұзылуын анықтау және алдын алу;
- Ормандардың санитарлық жағдайын бақылау;
- Орман күзеті бойынша авиациялық және жерүсті қызметтерінің өзара әрекеттестігі;
- Халық арасында үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Өрт қауіпі бар кезеңдегі авиациялық патрульдеу:
Әуе патрульдеуі келесі әуе кемелерінде жүзеге асырылады:
- 2-4 класты 14 тік ұшақ
- 4 ұшақ
- 1-класты 2 тік ұшақ (Ми-8).
Орман қорын қорғау және күзету бойынша авиациялық жұмыстар белгіленген маршруттар бойынша жүргізіледі. Патрульдік маршруттар өрт қауіпі жоғары учаскелер арқылы өтеді, сондықтан орташа көріну жағдайында күзетілетін аумақтың барынша кең шолуын қамтамассыз етеді. Патрульдеу жиілігі өрт қауіпі класына байланысты белгіленеді.