Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Таразда екі айлық сенбілікке 29 000-нан аса адам қатысты

Таразда екі айлық сенбілікке 29 000-нан аса адам қатысты
Ашық
Тараз қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында қала аумағын абаттандыру және санитарлық тазалық жөніндегі көктемгі екі айлық жарияланып бүгін аяқталды. Қала әкімінің қаулысына сәйкес штаб құрамы, іс-шаралар жоспары және кәсіпорындар мен мекемелерге, барлық бизнес өкілдеріне тазалайтын көшелері бекітілген еді.

Екі айлық аясында жалпы 9 сенбілік өтті. Сенбілік жұмыстарына 29000-нан астам адам қатысты. Екі айлық мезгілінде жоспарланған 15 шақырым арық жүйесі, 230 шақырымдай қала көшелері және 388 030 шаршы метр аумақты қамтитын саябақтар  тазаланды. Сонымен қатар, Қарасу-2, Үшбұлак,Түйте, Қапал каналдары қоқыстан тазаланды.

       Барлығы шамамен 1500 тоннаға жуық  күл-қоқыс қала аумағынан шығарылды.

Жалпы биыл қаланы көгеріштендіру аясында 5000 тал егу жоспарланған болатын. Екі айлық кезінде 4000 тал отырғызылды. Қалған 1000-нан аса тал күз мезгілінде егілетін болады.

Сонымен қатар, «Жасыл белдеу» бағдарламасы аясында «Қызыл-Абад» алқабына 10 000 тал егілді.

Алдағы уақытта қала аумағында сенбілік жұмыстары кестеге сай жалғасады.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар