Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Қызғалдақтар отаны – Жамбыл облысында халықаралық ауқымды фестиваль өтті

Қызғалдақтар отаны – Жамбыл облысында халықаралық ауқымды фестиваль өтті
egov.kz
Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау тауының бөктеріндегі «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі аймақтың бірегей қызғалдақ мұрасын сақтауды талқылау үшін әртүрлі елдердің ғалымдарын, экологтарын және табиғат әуесқойларын біріктірді.

Жыл сайын көктем келісімен Қаратау алқызыл кілемге оранып, ғалымдар мен туристердің, тұрғындардың қызығушылығын арттырады.

 

Жамбыл облысы қызғалдақ түрлерінің алуан түрлілігі бойынша Қазақстан аймақтарының арасында сенімді көшбасшы. Оның аумағында қызғалдақтың 18 түрі өседі, оның 10-ы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Бүгінде голландиялық мамандар олардың негізінде әртүрлі елдердегі саябақтар мен бақтарды безендіретін ондаған сорттарды өсірді.

 

Өңірдің бірегей табиғи құндылығы «Қызғалдақ мұра» фестивалінің басты тақырыбына айналды. 

 

Іс-шара облыс тұрғындарын ғана емес, Германия, Украина, Қырғызстан, Нидерланды, Ресей, Қытай, Түркия және Үндістаннан келген қонақтарды да біріктірді. Сонымен бірге экожүйелер бойынша сарапшылар, ЮНЕСКО, консулдық және дипломатиялық корпустардың өкілдері, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, министрліктердің өкілдері қатысты.

 

Жамбыл облысы қызғалдақтардың отаны ғана емес, мұнда экотуризмнің де келешегі зор. Фестивальден туризм саласының өкілдері де шет қалмады.

 

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев құттықтау сөзінде фестивальдің экологиялық мақсат-мұратына тоқталды. Мұндай шаралар табиғатқа деген жауапкершілікті қалыптастырып, туған өлкенің табиғи мұрасына деген қызығушылықты арттыратынын айтты.

 

– Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев біздің елімізде туризмнің барлық түрін – экологиядан бизнеске дейін дамытуға кең мүмкіндіктер бар екенін атап өтті. Бұл шара өңіріміздегі туризмнің дамуына тың серпін береді деп сеніммен айтуға болады.

 

Қызғалдақ – ұлттық мақтаныш пен мәдени мұраның символы. Дәл осы жерден, қазақ даласында оның тарихы басталып, дүние жүзіне таралып, ол голландиялық бақтарды қоса алғанда, әлемдік бақтардың сәніне айналды. Бұл туған жеріміздің ұлылығы мен байлығының жарқын көрінісі, – деді ол. 

 

Өткен жылы Жамбыл облысына 200 мыңға жуық турист келген, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 27 пайызға артық. 

 

Облыстағы 40 негізгі туристік нысан үшін 10 жаңа туристік бағыт әзірленді. Қазіргі уақытта нысандардың инфрақұрылымын құру жұмыстары жүргізілуде.

 

Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде биыл 3 туристік демалыс аймағы ашылады. 

 

Сондай-ақ «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев пен «Республика» партиясының тең төрағасы Максим Барышев құттықтау сөз сөйледі.

 

Қонақтар үшін таным мен тағылымға толы бағдарлама әзірленді: ашық аспан астындағы спорттық жарыстар, интерактивті алаңдары бар этноауыл, қолөнершілер көрмесі, «Қымызмұрындық» рәсімі – алғашқы қымыздың дәмін тату.

 

Қатысушылар Қаратаудың қызғалдақ алқабын көзбен көріп, ерекше әсерге бөленді.  

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар