Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыру бойынша және Жоғары оқу орындарына құжат тапсыру бойынша ақпарат
- author Zhambylokq
- 8 мамыр, 2025
- 21

ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. ҰБТ тапсырмалар саны – 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырмадан беріледі. Жоғары балл – 140.
Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.
Тестілеу кезінде тестілеу бағдарламасында калькулятор, химиялық элементтердің периодтық жүйесі және тұздардың ерігіштік кестесі қолжетімді болады. Сонымен қатар талапкерлерге ыңғайлы болу үшін кестелердің қағаз нұсқалары да беріледі.
Апелляцияға тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде беруге болады. Сертификат апелляция қаралғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тестілеуге кіре берісте тыйым салынған заттарды, мысалы, телефондарды, шпаргалкаларды және т.б. заттарды алып кіруге жол бермеу үшін қол және рамалық металл іздегіштер қолданылады.
Тестілеу аудиторияларында рұқсат етілген магниттік толқындар шегінде мобильді және радиоэлектронды байланыс сигналдарын басатын құрылғылар пайдаланылады, сондай-ақ бейнебақылау жүргізіледі.
Ағымдағы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе басқа да ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда, талапкердің ҰБТ нәтижелері жойылады.
Жоғары оқу орындарына құжаттарды тапсыру мерзімі 20 маусым - 25 тамыз аралығында Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары негізінде жүзеге асырылады.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініштер 13 – 20 шілде аралығында қабылданады.
Ал Шығармашылық мамандықтарына өтініш беру уақыты екі кезеңмен өткізіледі.
7-13 шілде аралығында грант конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылданса, 11-15 тамыз аралығында талапкер ақылы негізде оқуға өтініш білдіре алады.
Білім беру бағдарламаларына қойылатын шекті баллдары:
«Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» бағыттарына түсу үшін кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» үшін кемінде 70 балл жинау қажет; ұлттық жоо-ға түсу үшін кемінде 65 балл, басқа жоо-ға түсу үшін кемінде 50 балл жинау қажет.
оның ішінде талапкер Қазақстан тарихынан 5 балл, оқу сауаттылығынан – оқыту тілі бойынша – кемінде 3 балл, математикалық сауаттылықтан 3 балл жəне əр бейіндік пəннен кемінде 5 балл жинау қажет.
Кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ нәтижесі бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде жалпы кәсіптік пән бойынша – кемінде 5 балл және арнаулы пән бойынша кемінде 5 балл алуы қажет.
Магистратураға түсу үшін өтініштер жазғы қаылдау үшін 1 маусым мен 8 шілде аралығында ал, қысқы қабылдау үшін 28 қазан мен 10 қараша аралығында app.testcenter.kz сайтында қабылданады.
Тестілеуді өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат оқуға түсушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Докторантураға түсу үшін өтініштер жазғы қаылдау үшін 3 шілде мен 3 тамыз аралығында ал, қысқы қабылдау үшін 28 қазан мен 10 қараша аралығында app.testcenter.kz сайтында қабылданады.
Докторантураға білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу емтихандары жазғы қабылдау үшін 4 тамыздан 20 тамызға дейін; қысқы қабылдау үшін 19 қарашадан 11 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады.
Құрметті талапкер!
Егер сіз заманауи мамандықтың иесі болып, сапалы білім алғыңыз келсе,
Біз сіздерді М.Х. Дулати атындағы Тараз университетіне оқуға шақырамыз!
70 жылдық тарихы бар Дулати университеті –серпінді инновацияларға, ғылымды қаржыландыруға, білім берудің мазмұны мен әдістеріне бағытталған ғылым мен білімнің флагманы.
Бүгінгі таңда Дулати университетінде, 6 факультет өңіріміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына негізделген, бәсекеге қабілетті сұранысқа ие мамандар дайындайды.
Жаңа талапқа сай 189 білім бағдарламасы бойынша білікті профессор-оқытушылар дәріс береді.
Университетте 9 оқу корпусы, спорт кешендері, жылы жай, 130-дан аса оқу зертханасы, 2 жатақхана және 1250 орынды 13 кітап беру пункттері бар. Заман талабына сай оқу залдары, Creative zone, Coworking zone, Open space форматындағы кітапханалар студенттер мен профессор-оқытушыларға қызмет көрсетеді. Дулати университеті – зор мүмкіндіктер мекені.
Қабылдауға байланысты қандай да бір сұрақтарыңыз болса, университеттің инстаграм парақшасы және телеграм бот арқылы жауап алуға болады.