Жер қатынастары басқармасы 2025 жылдың 1тоқсанында атқарылған жұмыстар
- author Zhambylokq
- 8 мамыр, 2025
- 21

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылым жер көлемі - 3,6 млн; елді мекен жайылым көлемі- 740,7 мың га, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және а/ш-нан өзге мақсатқа арналған жайылым жер көлемі – 39,6 мың га; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері – 1,0 мың га; орман жер қоры – 1,6 млн га; босалқы жерлер – 967,2 мың гектарды құрайды.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2024 жылы облыс бойынша 3,4 млн бас төрт түлік (ірі қара- 395,9 мың, қой-ешкі 2,8 млн, жылқы 165,9 мың, түйе 7,2 мың) тіркелген.
Жалпы 41 елді мекеннің 17 елді мекенінде жайылым жетіспеушілігі шешілді, қалған 9 елді мекен ағымдағы жылы шешімін табатын болады. Сонымен қатар 15 елді мекенде жайылым жетіспеушілігін толығымен шешу мүмкіндігі жоқ. Аталған аудандарда халықтың тығыз орналасуына байланысты және қала маңы аймағына жақын орналасуы сондай ақ, жалпы жерлердің басым көпшілігі егістік жерлер болуынан шешімін таппай отыр.
ҚР «Жайылымдар туралы» Заң талаптарын жүзеге асыру мақсатында облыстың барлық аудандарында жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың бірлескен шешімдерімен жайылымдарды пайдалану Жоспары мен Схемасы қайтадан 5 жыл мерзімге бекітілетін болады. Бүгінгі күнге Талас, Жамбыл, Меркі, Сарысу аудандарында жайылым жоспары бекітілді.
Жалпы 2025 -2027 жылдары жаһандық экологиялық қор есебінен Талас және Сарысу аудандарынан пилоттық жоба негізінде 5,0 мың гектар жайылым жерлер жақсартылады.
Мемлекет басшысының 2022 жылғы «Әділетті мемлекет. Бір тұтас ұлт. Біркелкі қоғам» атты жолдауындағы тапсырмасымен «Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, облыс аумағында ағымдағы жылдың 3 айының қорытындысы бойынша пайдаланылмаған және заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерінің 11,7 мың га мемлекет меншігіне қайтарылды.
Мемлекет меншігіне қайтарылған жерлердің жайылым алқаптары тұрғын халықтың малдарын жаю үшін ауылдық округтерге бекітіліп беріліп жатыр, ал қалған жерлер өңірдің экономикасын дамыту мақсатында конкурс арқылы берілуде.
Жалпы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге 2025 жылдың 3 айында 5 конкурс ұйымдастырылып 12 мың га жер айналымға тартылды. Кәсіпкерлік мақсатта 28 жер учаскесі аукционға шығарылып 76 млн теңгеге бағаланып сатылды.
Жалпы облыс бойынша босалқы жер қорынан осыған дейін елді мекенге 378 мың гектар қосылып берілді. Елді мекен жері 363,0 мың гектардан 741 мың гектарға дейін ұлғайды. 2025 жылы тағы да 20 мың га ұлғайтылатын болады.
Бүгінде облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін кезекке қойылған азаматтар саны 266800 құрайды. (Оның ішінде: Тараз қаласында –139837; Байзақ ауданында – 19138; Жамбыл ауданында – 22828; Жуалы ауданында – 7866; Қордай ауданында – 27516; Меркі ауданында – 17400; Мойынқұм-675, Сарысу – 2253, Талас-1452, Т.Рысқұлов ауданында – 11421; Шу ауданында – 16414.
2005-2024 жылдары аралығында жалпы 37465 жер телімдері берілген, оның ішінде 2015-2024 жылдары нақты 52 алқап учаскеге саны 19066 жер теліміне инфраструктура жүргізілген)
Облыс аумағында Инвесторлар үшін жер учаскелері берілуде.
Жалпы көлемі 81 946 гектар құрайтын күн, жел электр станциясын орналастыру үшін іздестіру жұмыстарын жүргізуге – «Актас Энерджи» ЖШС (Мойынқұм), «China Power International Holding Limited» компаниясы (Жуалы, Талас) жер учаскелері берілді.
Кальцийлендірілген сода зауыты құрылысы үшін «Qazaq Soda» ЖШС-не Сарысу ауданы аумағынан жалпы көлемі 2903 гектар жер учаскесі берілді.
Шу ауданы «Jibek joly» арнайы экономикалық аймағынан «Fujian Henguang Investmant Co. Ltd.» компаниясының металлургия зауытының құрылысына 160 гектар жер учаскесі берілді.
Шу ауданы аумағынан «Fufeng Group Ltd.» жобасына жүгеріні терең өңдейтін зауыты құрылысы үшін 400 гектар жер учаскесі мемлекеттік натурлы гранты ретінде берілетін болады.
Сонымен қатар, «Jibek Joly» АЭА аумағының жанынан көлемі 600,0 гектар жер учаскесіне 300 МВт күн электр станциясының құрылысын
жүргізуге сұраныс түсіп отыр, жобаның бастамашылары «Юнигрин Энерджи» компаниясы болып табылады.
Компанияның ұсынған мәліметтеріне сәйкес станцияның
құрылыс құны 172 535 000,0 АҚШ долларын құрайды және құрылыс кезінде
700 жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.
Бүгінгі күнге «Jibek joly» АЭА шекарасын 2 800 гектарға ұлғайту үшін мемлекеттiк орман қоры жерiн орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттардағы жерге ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Арнайы экономикалық аймақты ұлғайту нәтижесінде қосымша 14 инвестициялық жоба ашу көзделіп отыр.
Қордай ауданы аумағында орналасқан «Қырғау» алтын кен орнында «Мариям Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан алтын өңдеу зауытын салу жобасы жоспарлануда.
Жобаны іске асыру мерзімі – 2025–2030 жылдар аралығын қамтиды. Кәсіпорын іске қосылған сәттен бастап 200 тұрақты жұмыс орнын ашу көзделуде.
Сонымен қатар, облыс тұрғындарының жерге кезектілігі электронды жүйеге көшіріліп, оған (БМЖМК) Бірыңғай Мемлекеттік Жылжымайтын мүлік кадастры сайты арқылы қол жетімділік қамтамасыз етілді. Сайтқа кез-келген азамат өзінің жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) арқылы жер кезектілігін көре алады.
Жылжымайтын мүліктің біріңғай мемлекеттік кадастры порталы арқылы қалалар шегінде жер учаскелерін беру 100 пайыз электронды форматқа ауыстырылды. Бұл қызмет облысымызда 4 қалада Тараз, Шу, Қаратау, Жаңатас қалаларында іске қосылған.
Өздеріңізге белгілі, Тараз қаласының шекарасын Жамбыл және Байзақ аудандарының кейбір ауылдарын қосу есебінен ұлғайту бойынша ҚР Үкіметінің қаулысы қабылданды. Бүгінгі күнге Тараз қаласына қосылған жер учаскелерін рәсімдеу жұмыстары басталды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі Қырғыз Республикасымен шектескен ені жүз метр шекаралық аймақты белгілеу туралы № 356 қаулысына және Жамбыл облысының Үйлестіру кеңесі мәжілісінің жиынтық жоспарына сәйкес шекара сызығының енін жүз метрге жеткізу мақсатында облыстағы бес ауданнан жалпы көлемі 802,1 гектар жерді құрайтын 286 жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару жұмыстары жүргізіуде. Қазіргі таңда Шу және Жуалы аудандарында жұмыстар толық аяқталып, Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне тұрақты пайдалануға берілді.