ТАРАЗДА ОБЛЫСТЫҚ ХІ-ШІ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін Тараз қаласында азаматтық сектор қалыптасуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын азаматтық қоғам өкілдеріне арналған «МЕМЛЕКЕТ. ҚОҒАМ. БИЗНЕС. ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУДАҒЫ ӘРІПТЕСТІК» атты ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ХІ-ШІ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМЫ басталды.
Форум аясында облыстағы қоғамдық бірлестік өкілдерінің туындыларынан «Тараз – қолөнершілер қаласы» атты көрмесі ұйымдастырылған.
Форум аясында «Үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы рөлі», «Бизнес, үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік органдар арасындағы диалог» және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тақырыптарында пленарлық отырыстар мен шеберлік сағаттары өтеді.