1 КГ САЛМАҚТАҒЫ СӘБИДІҢ ЖҮРЕГІНЕ КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ
- author Zhambylokq
- 18 мамыр, 2025
- 6

🏥25-аптада дүниеге келген нәресте наурыз айының басында орталықтың жаңа туған балалардың қарұынды терапия бөлімшесіне жеткізілді. Оның салмағы небәрі 655 грамм, бойы – 28 сантиметр болды. Зерттеп-қарау нәтижесінде дәрігерлер «ашық артериялық өзек» (туа біткен жүрек ақауы) диагнозын қойып, оған қоса респираторлық дистресс-синдромды анықтады.
🔵Сәбидің жағдайы аса ауыр болғандықтан, ол бірден өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Диагноздың күрделілігіне байланысты перинаталдық орталықтың дәрігерлері бірнеше рет қаладағы кардиохирургтармен кеңесті.
Сәбиге 45 күн толып, салмағы 1 келіге жеткенде, дәрігерлер жүрегіне операция жасау туралы шешім қабылдады. Ашық артериялық өзекке жасалған күрделі және аса дәлдікті қажет ететін бұл операция сәтті өтті.
☄️Операцияны Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының кардиохирургі Асан Жұманов пен Шымкент қалалық перинаталдық орталығының анестезиолог-реаниматологы Ақжол Әбдірайымов жасады.
Қазіргі таңда сәбидің жағдайы тұрақты ауыр. Ол перинаталдық орталықтың бас дәрігерінің неонаталдық қызмет жөніндегі орынбасары Гүлмира Будукова мен неонатолог-реаниматолог Ерасыл Шәбетов бастаған неонаталдық реанимация бөлімшесі дәрігерлерінің тұрақты бақылауында.