Табиғи монополия саласында тарифті қалыптастыру мәселесі бойынша
- author Zhambylokq
- 26 мамыр, 2025
- 32

Департаменттің тарифтік саясаты, ол тұрақты түрде табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің тарифтерімен бағаларына негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында жұмысты жүргізу.
Департамент Жамбыл облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің Жергілікті бөліміне енгізілген қызметтердің 61 түрін көрсететін 40 табиғи монополия субъектісін реттейтін орган болып табылады. Олардың ішінен:
- сумен жабдықтау кызметтері бойынша – 20 ТМС;
- сарқынды суларды бұру қызметі бойынша – 10 ТМС
- табиғи газды тасымалдау қызметтері бойынша – 1 ТМС;
- суды арналар арқылы беру қызметтері бойынша– 2 ТМС;
- жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау қызметтері бойынша – 18 ТМС;
- кірме темір жолдары қызметтері бойынша – 9 ТМС;
- электр энергиясын беру және бөлу қызметтері – 1 ТМС.
Қазіргі уақытта Департаментпен 6 өтінім қаралуда (МКК «СМП Төле Би» жоба өсім су - 70,8%, МКК «Мойынқұм су-Жылу» жылу -241%, «Жамбыл су» МКК сарқынды су – 44%, «Ауыз су Шу» МКК су – 750%, «Қордай су» МКК су -59,2%, «НДФЗ» ЖШС темір жол -21,7%).
Департаментпен 2025 жылы табиғи монополия субъектілерінің бекітілген инвестициялық бағдарламаның және тарифтік сметаның орындалуын талдау қорытындысы бойынша 2 ТМС-нің бекітілген іс-шараларды толығымен орындамағаны анықталып («Жамбыл су» КМК – 160 557,44 мың тг., «Казфосфат» ЖШС – 185 787,52 мың тг.), уақытша өтемдік тарифтері бекітілді және 2 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша жалпы сомасы 6 291 200 теңге көлемінде айыппұл салынып мемлекет пайдасына өндірілді.