Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау
ашық
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптарына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық департаменттері мемлекеттiк органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын сақтауын, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауын, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

 

Осы орайда, Департамент тарапынан мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының сақталуына қатысты бақылау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

                Мәселен ағымдағы жылдың өткен кезеңінде мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша 13 тексеру жүргізілді, оның ішінде 2-і жоспарлы тексерулер, сондай-ақ 11жоспардан тыс тексерулер.

Жүргізілген тексерулердің нәтижелерімен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзудың 113 фактісі анықталып, бұзушылықтарды жою туралы 4 ұсыну енгізілді.

Бұл ретте, тексерулермен анықталған 65 заңбұзушылық бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Жүргізілген тексерулердің нәтижесінде 6 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді (5-і мемлекеттік қызметшілер,  1-і жеке тұлға).

Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде өз жалғасын табуда.

 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар