
Әдеп жөніндегі кеңестің негізгі міндеттеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шаралар әзірлеу, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау, сондай-ақ әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Сонымен бірге, Әдеп жөніндегі кеңес қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған тиісті санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің аппараттарында дербес лауазымдағы әдеп жөніндегі уәкілдерге қатысты тәртіптік істерді қарайды.
2025 жылдың өткен кезеңінде Әдеп жөніндегі кеңестің мәжілісі 5 рет өткізіліп, онда барлығы 26 мәселе қаралды, оның ішінде 7 тәртіптік іс және 19 профилактикалық мәселелер бойынша сұрақтар.
Кеңес отырыстарында қаралған мәселелер бойынша барлығы 59 ұсыным қалыптастырылды, оның 7-і тәртіптік іс, ал қалған 52-і профилактикалық сұрақтарды қарау нәтижелері бойынша.
Тәртіптік істерді қарау нәтижесі бойынша 5 лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсынымдар берілді оның ішінде 2-і қызметтік әдеп нормаларын сақтамағаны, 3-і мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыс жасағаны үшін, 2 тәртіптік іс тоқтатылды.
Қызметтік тәртіпті нығайту және бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мемлекеттік органдардың басшыларына 52 ұсыныс енгізілді (әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара әрекеттесу, қызметтік тәртіпті нығайту, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтауға бағытталған шараларды жүзеге асыру бойынша).
Сонымен қатар, есепті кезеңде Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен түрлі мәселелер бойынша 13 рет жеке қабылдаулар ұйымдастырылып, онда барлығы 15 азамат қабылданды.
Одан бөлек, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы және әдеп нормаларын түсіндіру бойынша 54 іс-шара өткізілді.