Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Отырыс барысында, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бірлескен іс-қимылдарға қатысуға дайын екендіктерін растады.

Отырыс барысында, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бірлескен іс-қимылдарға қатысуға дайын екендіктерін растады.
Сонымен бірге, Бас Прокурор уәкілетті органдардың назарын трансұлттық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, халықаралық қаржы институттарымен және криптобиржалармен ынтымақтастық, есірткі жарнамасының жолын кесу бойынша қосымша шаралар қабылдау қажеттігіне аударды

Нашақорларды оңалту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қадағалау ведомствосының басшысы қоғамның нашақорлыққа, әсіресе жастар арасында тұрақты иммунитетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдарға Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктерімен бірлесе отырып, азаматтарды нашақорлыққа қарсы іс-қимылға тарту арқылы профилактикалық жұмысты жандандыру ұсынылды.

Қоғамдық ұйымдар, оның ішінде ІІМ жанындағы Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңесі салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған ақпараттық компанияларды блогерлердің, спортшылардың және жастар бірлестіктерінің қатысуымен өткізу бойынша бастамалар көтерді.

Отырыс соңында есірткі бизнесімен күреске үлес қосқан құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері, сондай-ақ есірткіге қарсы саясат пен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосқан халықаралық әріптестер мен азаматтық сектор өкілдері марапатталды.

Отырыс қорытындысы бойынша трансұлттық есірткі бизнесінің одан әрі жолын кесуге, оның қаржы ағындарын бұғаттауға, халықаралық үйлестіруді күшейтуге, талдау мен мониторингтің цифрлық құралдарын дамытуға, сондай-ақ профилактикалық және оңалту бағдарламаларын кеңейтуге бағытталған ұсынымдар әзірленді.

Бұл бағыттағы жұмыс ведомствоаралық өзара іс-қимыл, халықаралық әріптестік және заманауи технологияларды қолдану негізінде дәйекті түрде жалғастырылатын болады.

#ЗаңменТәртіп

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар