Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Әлеуметтік сала бойынша мемлекеттік қызметтер туралы

Әлеуметтік сала бойынша мемлекеттік қызметтер туралы
ашық
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен зейнетақы және жәрдемақы төлемдерімен бірге әлеуметтік төлемдерге құжат қабылдау, және қабылданған құжаттардың дұрыстығын тексеру, зейнетақы және жәрдемақы төлемдерінің мөлшерін есептеп, тиісті уәкілетті органға электронды түрде шешім жобасын жолдау, уәкілетті органмен барлық бекітілген шешімдерді төлемге отырғызу мен бірге ай сайын төленуін қамтамасыз ету жұмыстарын жасайды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалы әлеуметтік-еңбек саласы бойынша 15 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Бұл қызметтер:Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы, электронды үкімет порталы (ЭҮП) арқылы, проактивті түрде, банк  арқылы қолжетімді.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтер

ХҚКО арқылы келесі қызметтер қолжетімді:

         •        Жасына байланысты және базалық зейнетақы тағайындау,

         •        Мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша МӘЖ,

         •        Көп балалы отбасыларға арналған жәрдемақы,

         •        Бала тууына және күтіміне байланысты жәрдемақылар,

         •        Жерлеуге арналған біржолғы төлемдер,

         •        1 топтағы мүгедекке күтім жасауға жәрдемақы,

         •        МӘСҚ тарапынан төленетін әлеуметтік төлемдер:

         •        Жүктілікке байланысты,

         •        Жұмыссыз қалуына байланысты,

         •        Жұмысқа жарамсыз болуына байланысты,

         •        Асыраушысынан айырылуына байланысты.

Аталған мемлекеттік қызмет түрлері электронды үкімет порталы арқылы да қолжетімді. ЭҮП ерекшелігі — қызметтерді кез келген уақытта онлайн алуға болады және электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) міндетті түрде қажет.

Проактивті түрде көрсетілетін қызметтер

Мемлекеттік корпорация бірқатар қызметтерді өтінішсіз, проактивті түрде көрсетеді. Қызмет алушының ұялы телефонына СМС хабарлама келеді. Егер азамат келісімін берсе, қажетті құжаттар мемлекеттік деректер қорынан алынып, автоматты түрде қызмет көрсетіледі.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар