Жаңалықтар
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы – елдегі әлеуметтік төлемдерді тағайындау және есепке алу бойынша негізгі оператор.
- author Zhambylokq
- Бүгін, 14:03
- 1

Жамбыл облысы филиалы 15 мемлекеттік қызмет түрін ХҚКО, eGov порталы, проактивті қызметтер және банк арқылы ұсынады.
Зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау толық автоматтандырылған, ал қызмет алушыларға ақпарат SMS арқылы жіберіледі. Сонымен қатар, азаматтарға өтінішсіз (проактивті) қызмет көрсету мүмкіндігі де қарастырылған. Бұл өмір сапасын арттырып, әлеуметтік қолжетімділікті жақсартуға бағытталған.
Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша филиалдың Әлеуметтік қамсыздандыру басқарма басшысы Марат Улеков Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеді.