Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Мойынқұм ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

Мойынқұм ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
ашық
Аудандағы өнеркәсіп өндірісі 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында 59,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 17,7 млрд. теңгеге артып отыр. Есепті кезеңде ауданда төмендегі өнеркәсіп өнімдері өндірілді: 784,0 кг алтын, 145,0 кг күміс, 557,9 мың тонна цемент, 358,4 мың тонна әктас, 26,5 мың тонна барит рудасы мен концентраты, 17,5 мың шаршы метр қаптау плиталары, 33,0 тонна балық, 7,7 мың текше метр гранит өнімі өндірілді.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімдерінің көлемі 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында 2,2 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі       100,8 %-ды құрады.

 

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында 5,8 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 54,2 %-ды құрады.

 

Көрсеткіштердің орындалмау себебі: 2022-2024 жылдары “Меркі-Шу Бурылбайтал” республикалық маңызы бар автомобиль жолы құрылысының қарқынды жүруіне орай, инвестиция көрсеткіштері өткен жылдары жоғары болған. Алдағы уақытта негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі орындалатын болады. Қазір Франция елінің инвесторлары Мирный ауылынан жобалық құны 765 млрд. теңгені құрайтын «Total Energies» («Актас Энерджи» ЖШС) - желмен электр энергиясын өндіру жобасын жүзеге асыруда. Бүгінгі таңға 4 барлау электр қондырғыларын орнатып, жерлерін заңдастырды. Сонымен қатар 75 шақырымды құрайтын автомобиль жолын салуды қолға алуда.        

 

Бөлшек сауда айналымының көлемі 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында 1,3 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 82,8 %-ға орындалды. Көрсеткіш осы алдымыздағы 6 айдың қорытындысымен 100 пайызға толық орындалатын болады.

 

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында 1836,0 шаршы метрді құрап, нақты көлем индексі 133,5 %-ға орындалды.

 

Бюджеттің атқарылуы

2025 жылдың 1 шілдесіне меншікті кірістер 1 920,5 млн. теңгеге орындалды (жоспар 1 527,7 млн. теңге) немесе 125,7 пайызды құрап, бюджетке 392,8 млн. теңге жоспардан артығымен түсті.

 

Тұрғын үй сатып алу

2024 жылы республикалық бюджеттен 230,1 млн.теңге бөлініп, көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 12 пәтер сатып алынып, тұрғын үйлер табысталды. Осы жылға да республикалық бюджеттен 10 пәтер сатып алу үшін 137,3 млн.теңге бөлінді. Одан бөлек осы алдымыздағы облыстық сессияның нақылауымен тағыда 10 пәтер сатып алуға қаржы бөлінуін күтіп отырмыз.

 

Газдандыру

Мойынқұм ауданындағы 9 елді мекенді  (Кеңес, Бірлік, Биназар, Назарбеков, Көкжелек,  Күшаман, Жамбыл,  Мойынқұм, Қылышбай ауылдары) газдандыру  жобалары Шу ауданы Қонаев ауылының газ құбырына қосылу нүктесінен, Мойынқұм ауданы Қылышбай ауылына дейінгі газ құбырлары жобасы 7 кезеңге бөлінген. Жобаның болжамды сметалық құны 31,5 млрд. теңгені құрап отыр. Қазіргі уақытта 1-кезеңнің жұмыстары бойынша Шу ауданы, Айдарлы ауылына дейін (68,5шқ.) магистралды газ құбырын тарту басталды. Қазіргі таңда магистралды газ құбырын тарту жұмыстарының 40 шақырымы тартылды.

 

2-4 кезең бойынша Айдарлы, Бірлік, Назарбеков, Көкжелек, Күшаман ауылдарына магистралды газ құбырын  тартуға және Айдарлы, Бірлік, Биназар ауылдарының ауыл ішілік газ құбырына 8 млрд.теңгеге жуық қаржыны қажет етеді. Энергетика министрлігіне                           бюджеттік өтінім  ұсынылған.

 

5-6-7 кезең  бойынша Күшаман, Жамбыл, Мойынқұм, Қылышбай ауылдарына магистралды газ  құбырын  тартуға және Назарбеков, Көкжелек, Күшаман, Қылышбай, Мойынқұм  ауылдарына ауыл ішілік газ құбырына 8,4 млрд.теңге қаржыны қажет етеді.  

Бүгінгі таңға Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Ауыз сумен қамсыздандыру

Аудан бойынша 24 елді мекеннің 20 елді мекені орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда аудан аумағында сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмеген 4 елді мекен қалып отыр.

 

Оның ішінде:

Ақсүйек ауылын сумен жабдықтау және су тарату құрылысы нысанына 2022-2025 жылдарға 1 461,3 млн. теңге бөлінген болатын. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 90 пайызға орындалған. Жоба бойынша құрылыс жұмыстары өндірістік кестеден кешігіп келуде. Нысанның электр желісіне қосу бойынша техникалық шарттың өзгеруіне байланысты жобаға алып-қосу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта нысандағы басты проблемалық мәселе, трансформатордың вакуумдық қосқышын орнату. Ол үшін алдағы өтетін аудандық нақтылау сессиясында аудандық бюджеттен қаражат қарастырылатын болады.

Нысан 2025 жылдың қазан айына дейін пайдалануға беріледі.

 

Хантау ауылын сумен жабдықтау және су тарату құрылысы жұмыстарына 533,5 млн. теңге бөлінген болатын. Құрылыс жұмыстары 2023 жылғы 13 қазанда басталып, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 85 пайызға орындалып отыр. Нысан 2025 жылдың қазан айына дейін пайдалануға берілетін болады.

 

Ақбақай ауылын сумен жабдықтау және су тарату құрылысына Ұлттық қор мен облыстық бюджет көздерінен 1,5 млрд.теңге қаржы қаралған. Құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталды. Бүгінгі таңға құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталды. Нысан 2025 жылдың қазан айына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

 

Қашқантеңіз ауылын сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы. Жоба құны 640,9 млн.теңге. Бүгінгі таңға құрылыс жұмыстары басталып, 35 пайызы аяқталды. Нысанды 2025 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда.

 

Бурылбайтал ауылына кешенді блокты модуль орнату. Жоба құны 202,7 млн. теңге. Бүгінгі таңға құрылыс жұмыстары басталып, 35 пайызы аяқталды. Нысан 2025 жылдың қазан айына дейін пайдалануға берілетін болады.

 

Бүгінгі таңға 6 елді мекендегі ауыз су имараттарын және су құбырларын қайта жаңғыртуға жалпы құны 7 157,2 млн.теңгеге жоба әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жобаларды іске асыру мақсатында 2025-2026 жылдары облыстық энергетика басқарамасына және ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне бюджеттік өтінім берілген. Қазіргі уақытта қаржылық мәселесінің шешімі күтілуде.

 

Автомобиль жолдары

2025 жылы жол саласына 304,4 млн. теңге бөлінді (облыстық бюджеттен 83,0 млн. теңге,  аудан бюджетінен –221,4 млн. теңге).

Бөлінген қаржылар есебінен 8,1 шақырымды құрайтын 9 ауылішілік көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.                   

Атап айтатын болсақ:

 

Приоритет 50/50 бағдарламасымен жалпы ұзындығы 5,7 шақырымды құрайтын 2 жобаға облыстық және аудандық бюджеттен 172,5 млн.тг қаралып, Қылышбай ауылының 3 көшесі, Ақсүйек ауылының 3 көшесінің автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 

«Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы бойынша – жалпы ұзындығы 1,5 шақырымды құрайтын 1 жобаға  республикалық және аудандық бюджеттен 49,3 млн.тг қаралып, Биназар ауылының 1 көшесінің автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Аудандық бюджеттен жалпы ұзындығы 0,9 шақырымды құрайтын А.Назарбеков ауылындағы 2 көшеге  орташа жөндеу жүргізу үшін 36,3 млн.тг қаралды. Бүгінгі таңға жұмыстың 45 пайызы аяқталды.

2026 жылға аудандық маңызы бар автожолдарды және елді мекен көшелерін орта жөндеуге жоба құны 6 478,0 млн. теңгені құрайтын 15 жоба әзірленіп, 6 жобаға (құны 576,5 млн.тг) ведомстволық сараптаманың оң қорытындысы алынса, қалған 9 жоба  (құны 5 901,5 млн.тг) ведомстволық сараптамадан өтуде.

Аудандағы көпір құрылысы жұмыстары

Мойынқұм ауылының іргесіндегі Радай өзені арқылы өтетін көпір құрылысын жүргізу үшін 2024 жылы 555,5 млн. теңге қаржы қарастырылып, қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 90 пайызы аяқталды. 2025 жылға 60,0 млн.теңгесі облыстық бюджеттің нақтылауымен бөліну күтілуде.

Қарабөгет ауылына кіре беріс аудандық мәндегі автомобиль жолындағы 362,2 млн.теңгені құрайтын көпір құрылысы жобасы әзірленіп, 2025 жылға 181,2 млн.теңгесі облыстық бюджеттен бөлініп, бүгінгі таңға құрылыс жұмыстарының 30 пайызы аяқталды.

 

Электр желілері

Электр желілері бойынша 2025 жылға облыстық бюджет есебінен Мыңарал, Ақсүйек, Мирный ауылдарындағы тозған электр желілерін толығымен ауыстыруға 449,3 млн.теңге қаржы бөлінді. (289,4 млн.теңге қосымша қаржы қажет Мыңарал электр желісіне). Бүгінгі таңға Ақсүйек ауылындағы электр желілері мен бағаналарын ауыстыру жұмыстары 75 пайызға аяқталып отыр. Ал Мыңарал ауылындағы электр желілері мен бағаналарын ауыстыру жұмыстарына дайындық жүргізілуде.

 

Ауданды көркейту

Ауданның сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында аудан орталығындағы Амангелді көшесінің кіре берісіндегі ауылдың келбетін бұзып тұрған қоршаулардың орнына заманауи еврозабор орнату, Амангелді көшесіндегі көпқабатты 6 үйдің сыртқы келбетін әрлендіру, аумағын аббаттандыру, балалар ойын алаңын орнату, Амангелді көшесінің бойында орналасқан Ұлы Отан Соғысы ардагерлерін еске алу обелискісін қайта жаңғырту, Қияхты ауылындағы көпқабатты 1 тұрғын үйдің шатырын ауыстыру бойынша аудан бюджетінен 170,0 млн.теңге бөлініп, қазіргі таңға бірқатар жұмыстар аяқталды. Сонымен қатар аудан орталығы Мойынқұм ауылына кіре беріс аркадан бастап Амангелді көшесінің аяғына дейін автомобиль жолын кеңейтіп, оны екіге бөліп, аббаттандыру бойынша бүгінгі таңға үлкен жоба әзірленуде.

Сондай-ақ Бірлік ауылында орналасқан орталық саябақты абаттандыруға аудандық бюджеттен 83,0 млн.теңге бөлініп, бүгінгі таңға пайдалануға берілді. Сонымен қатар Биназар ауылында орналасқан орталық саябағын абаттандыруға 15,3 млн.теңге бөлініп, жұмыстары басталды.

Биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығына байланысты аудандағы барлық ауылдық округтерде орналасқан Ұлы Отан соғысы ардагерлерін еске алу обелискілерін қалпына келтіру үшін аудандық бюджеттен 68,0 млн.теңге бөлініп, барлық жұмыстар толығымен аяқталды.

Сонымен қатар Мойынқұм ауылындағы Амангелді көшесінің бойындағы аллеяны абаттандыруға, Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақты қайта жаңғыртуға 86,5 млн.теңгеге сметалық құжаттамасы әзірленді. Алдағы уақытта жүзеге асырылатын болады.

 

Ағын сумен қамтамасыз ету

Ағымдағы жылы елді мекендерді ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 75,3 млн.теңге қаражат қарастырылып, тоғандарға механикалық тазалау, ағын су шығару үшін байлау, бөгет жасау және оларды күшейту, гидро қондырғыларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Жалпы Мойынқұм ауданы ағын су бойынша Шу ауданында орналасқан "Тасөткел" су қоймасына тікелей тәуелді. Бүгінгі күнге  ауданға 12 текше метр су босатылуда. 2025 жылға Мойынқұм ауданы бойынша 4,1 мың гектар суармалы егістік алқап игеріліп, өткен жылмен салыстырған 16%-ға артып, 14 100,0 тонна өнім алынады деп күтілуде.

 

Ветеринария саласы

Аудан көлемінде соңғы бес жылда жоспарланған барлық ветеринариялық іс-шаралар өз деңгейінде жүргізіліп келеді. Нәтижесінде ауданда бруцеллез және құтыру ауруынан басқа көп көлемде жануарлардың аса қауіпті жұқпалы аурулары тіркелген жоқ.

Ауданда бүгінгі күнге стандартқа сай келетін ветеринариялық пункт жоқ. 2025 жылға Биназар (жалпы мал 18 566 бас), Кеңес (жалпы мал 20018 бас), Қызылотау (жалпы мал 7660 бас) және Жамбыл (жалпы мал 27527 бас) ауылдық округтерінен жаңа типтік үлгідегі ветеринариялық пункт құрылысын жүргізу жоспарланған. Бүгінгі таңға Қызылотау ауылдық округінде стандартқа сай келетін ветеринариялық пункт құрылысы басталып 95 пайызға аяқталды.

 

Жер саласы

Мойынқұм ауданының жалпы жер көлемі 5,0 млн.гектар. Оның ішінде санаттар бойынша: Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер- 755,5 мың гектарды құрайды. Атап айтатын болсақ 6,7 мың гектар суармалы егістік, 25,8 мың гектар шабындық, 689,1 мың гектар жайылымдық, басқа жерлер 33,8 мың гектар.

 

Ауыл аманаты» бағдарламасы

2019-2025 жылдар аралығында «Ауыл аманаты» бағдарламасының негізінде 8 ауылдық округке (Кеңес, Биназар, Бірлік, Қызылтал, Қызылотау, Жамбыл, Қылышбай, Қарабөгет) 2,5 пайызбен 2,4 млрд.теңге несие беріліп, 448 аула қамтылды.

 

 

Тауарлық несие беру бойынша

2025 жылға 8 азаматқа тауарлық несие беру жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта 4-азаматқа 116 бас қой, 40 бас мүйізді ірі қара малы беріліп, келісім шартқа отырды. Жылдың аяғымен жоспар толығымен орындалады.

 

  Қайтарымсыз грант

  Қайтарымсыз грант жаңа Ұлттық жоба бойынша 2025 жылға 42 азаматқа 400 айлық есептік көрсеткіш (1572,8 мың теңге) қарастырылған. Бүгінгі күнге  1-2 топтағы және көпбалалы санатындағы 12 азаматқа қайтарымсыз грант берілді.

 

Білім беру

Бүгінгі таңға ауданда 45 білім мекемесі бар (24 мектеп, 15 балабақша, 5 мектептен тыс мекеме, 1 коррекциялық кабинет). Мектептерде  жалпы 991 педагог жұмыс істейді.

2024-2025 оқу жылында 5431 оқушыны қамтитын 24 мектеп жұмыс жасайды.

2024-2025 оқу жылын 335 түлек аяқтады.

Биыл оқу жылына 13 түлек алтын белгіге, 24 түлек үздік аттестатқа аяқтап отыр.

Сонымен қатар 2024 жылы Мыңарал ауылы мен Қарабөгет ауылындағы мектептер апаттық болып танылып жабылған болатын. Аталған 2 жобаға республикалық бюджеттен жалпы 3,4 млрд. теңге бөлініп, Мыңарал ауылынан 120 орындық және Қарабөгет ауылынан 80 орындық жаңа мектеп ғимараттары бой көтеріп, пайдалануға берілді.

Бүгінгі таңға Күшаман ауылындағы Амангелді орта мектебі апатты болып танылып осы жылдың наурыз айында жабылған болатын. Осыған орай мектеп оқушылары мен шағын орталықтағы балалар ауылдық округ әкімшілігінің ғимаратында уақытша оқуларын жалғастырды. Қазіргі таңға аудандық білім бөлімі тарапынан облыстық білім басқармасына мектептің апатты қорытындысын жолдады. Бұдан әрі облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы жобалық сметалық құжаттарын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізетін болады.

 

         Мәдениет және спорт

Ауданда 39 мәдени ошақ және 152 спорт нысаны бар. “Ауыл ел бесігі” жобасы аясында Айдарлы ауылында 90 орындық клуб пен кітапхана құрылысына 2024 жылы 225,4 млн. теңге қаржы қаралған болатын. Бүгінгі таңға құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Осы жылдың шілде айында пайдалануға берілетін болады.

Сонымен қатар “Ауыл ел бесігі” жобасы аясында жобалық сметалық құны 340,4 млн.теңгені құрайтын Айдарлы ауылындағы спорттық-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталған болатын. Бүгінгі таңға бұл нысанда толығымен аяқталды. Ағымдағы жылдың шілде айында пайдалануға берілетін болады.

Осы жылы аудандағы тозығы жеткен футбол алаңшаларын қайта қалпына келтіруге және 2 ауылдық округке (Мойынқұм, Қашқантеңіз) жаңа футбол алаңшаларын соғу үшін аудандық бюджеттен 82,5 млн.теңге бөлініп, қазіргі таңға жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ Күшаман ауылынан күрес пен боксқа арналған спорт залын салу үшін сметалық жобасы дайындалып, сараптама қорытындысы алынды. Жобаның құны 218,9 млн.теңгені құрайды. Келесі жылдың бюджетіне облыстық басқармаға бюджеттік өтінім ұсынылатын болады.

 

Денсаулық сақтау

Ауданда халыққа 25 денсаулық сақтау нысаны қызмет көрсетеді (аурухана - 1,  дәрігерлік амбулатория – 8,  фельдшерлік-акушерлік тірек - 5, медициналық тірек – 10, жеке тіс клиникасы - 1).

Есепті кезеңде ана және нәресте өлімі орын алған жоқ.

2024 жылы Қарабөгет ауылдық округіне қарасты Сарыөзек ауылындағы медициналық тірек ғимараты құрылысына (жобалық құны 118,3 млн. теңге) және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына (жобалық құны 84,0 млн. теңге) облыстық бюджетті нақтылау барысында қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізіліп, нысан халық игілігіне пайдалануға берілді.

Аудандық орталық аурухананы жарақтандыру мақсатында 2024-2025 жылға 253,6 млн.теңге бөлініп, 10 дана заманауи медициналық жабдықтар мен 4 дана жедел жәрдем автокөлігі алынды.

Осы алынған заманауи медициналық жабдықтардың арқасында аудан дәрігерлерінің білімдерін жетілдіре отырып жаңа емдеу тәсілдерін, зертханалық тексеру түрлері енгізіліп отыр. Бұл аудан тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасының жақсаруына үлкен үлесін қосып отыр.

 

 

 

 

 

        Әлеуметтік сала

       Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік  көмек тағайындау және төлеуге 2025  жылға  111,8 млн. теңге (РБ-52,7 млн.теңге, ЖБ-59,2 млн.теңге) бөлінді.

 

       Мүгедектігі бар адамдарға техникалық оңалту және орнын толтырушы құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында 130,7 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі күнге әлеуметтік оңалту құралдарына мұқтаж 242 адам қамтылды.

      

       Сонымен қатар «Мойынқұм ауданы бойынша психоневрологиялық аурулары, тірек-қимыл аппараты бұзылған 4 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар 15 балаға мәдени-бұқаралық  іс-шаралар мен білім беру курстарын ұсыну» жобасына 34,8 млн.теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңға қызметтер көрсетілуде.

     

        Инватакси қызметі бойынша кресло-арбамен қозғалатын психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедектігі бар адамдарға, тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық паталогиясы бар балаларға «Инватакси» қызметін көрсету үшін жергілікті бюджеттен 14,9 млн.теңге қаралып, 14 елді мекенінен мүгедектігі бар 48 адамға 1 бірлік «Инватакси» қызметі көрсетілуде.

 

      Қылмысқа қарсы күрес

      Бүгінгі таңға аудандық полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, қылмыстың алдын алу мақсатында рейдтік іс шаралары үнемі ұйымдастырылып, жұмыстар атқарылуда.   

     2025 жылы құқық бұзушылық профилактикасын қамтамасыз ету мақсатында аудандық бюджеттен 69,1 млн.теңге қаржы бөлініп, 53 дана бейнебақылау, 15 дана жануарлар макеті, бильбордттар орнатылды. Сонымен қатар жол қауіпсіздігін болдырмау мақсатында әр көшеге жол белгілері және Бірлік ауылынан Астана бағытына өтетін қиылыс автомобиль жолына бағдаршам орнатылды. Иесіз жануарларды уақытша ұстау үшін Хантау ауылынан қора соғылды.

 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар