Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Қордай ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

Қордай ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері
ашық
Қордай ауданының әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштерінің 2025 жылдың 5 айындағы қорытындылары бойынша баяндауға рұқсат етіңіздер: - Өнеркәсіп 11,3 млрд. теңгені құрап, индекс көлемі 123,1 пайызға орындалды; - Инвестиция 12,3 млрд. теңгені құрап, индекс көлемі 67,5 пайызға орындалды; - Құрылыс көлемі 11,5 млрд. теңгені құрап, индекс көлемі 396 пайызға орындалды; - Пайдалануға берілген тұрғын үйлер 22,0 мың шаршы метрді құрап, индекс көлемі 109,1 пайызға орындалды; - Ауыл шаруашылығы 9,9 млрд. теңгені құрап, индекс көлемі 85,9 пайызға орындалды; - Бөлшек сауда айналымының көлемі 18,0 млрд. теңгені құрап, индекс көлемі 105,2 пайызға орындалды. Қаңтар-мамыр айларының қорытындысымен кірістер 3,1 млрд. теңгені құрап 92,0 пайызға орындалды. Соның ішінде, меншікті кірістер 2,2 млрд. теңгеге немесе, 184,2 пайызға орындалып, 1,1 млн.теңге жоспардан артық түсті.

Ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтсем:

Ағымдағы жылы тұрғындарының  қолданысына Қордай ауылында 144 пәтердін кілті тапсырылды, Үлкен-Сұлутөр ауылында дәрігерлік амбулатория, Сарыбұлақ, Еңбек, Бәйтерек ауылдарында жаңа су құбыры қолданысқа  берілді.

Аудандағы 41 елді мекеннің 36-і газбен қамтылған немесе 87 пайызды құрап отыр. Ағымдағы жылдың сәуір айында Керу ауылына газ құбырының құрылысы аяқталып, тұрғын үйлерге қосылды. Ал Бел, Мұзбел, Аңырақай, Бәйтерек ауылдарының ауылішілік газ құбыры құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, энергетика басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.

Гвардейск қалашығының инженерлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында 6 жоба қолға алынды.

Атап айтқанда: жаңа қазандық салу, жылу желілерін ауыстыру, сумен жабдықтау желілерін қайта құру, газбен жабдықтау, теміржол арқылы өтетін көпір салу және кәріз тазарту құрылымдарын қайта жаңғырту. Бүгінгі күнге сумен жабдықтау желілерін қайта құры жұмыстарына қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары басталуы жоспарлануда.

Аталған 6 жобаның жобалық сметалық құжаттамаларын әзірлеу үшін мемлекет тарапынан 242,6 млн теңге бөлінді.

Мемлекет басшысының 2025 жылға дейін Қазақстанның барлық елді мекендерін 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамту тапсырмасы бойынша аудан әкімдігі тарапынан 8,6 млрд. теңгеге 10 ауыз су желілерінің құрылыстары аяқталды (Ноғайбай, Отар, Қордай, Қайнар, Степное, Қарасу, Еңбек, Сарыбұлақ, Соғанды, Бәйтерек)

Бүгінгі күнге 4 елді мекенде (Шарбақты, Кунбатыс-2, Алға, Гвардейск) су құбырының құрылыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар 10 елді мекенді таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу үшін келісім-шарттар жасалды. (Қарасай батыр, Қызылсай, Керу, Көктөбе, Сұлутөр, Үлкен Сұлутөр, Кенен, Бел, Жаңатұрмыс, Кунбатыс-1)

Жер мәселесіне келетін болсақ, игерілмеген жерлерді қайтару бойынша 2025 жылы 11 000 га жоспарланып 893,9 га мемлекеттік жер қорына қайтарылды. 2025 жылға пайдаланбай жатқан 12 552 га, жерлерге шара қолдану үшін жер испекциясына хат жолданды.

Ағымдағы жылы «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында Қордай ауданында ауылдық елді мекендердің даму әлеуетін арттырып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған 12 жоба қолға алынған.  Атап айтқанда, Қақпатас ауылында жаңа мәдениет үйінің құрылысы жүргізіліп, Үлкен Сұлутөр ауылында заманауи спорт кешені бой көтеруде. Сонымен бірге Сортөбе ауылында бір ауысымда 200 адамға қызмет көрсетуге қауқарлы емхана салынып жатыр.

 

Жалпы ұзындығы 24,7 шақырымды құрайтын 42 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

 

         Жұмыспен қамту шараларына тоқталып өтсем:

 

              2025 жылдың 01 маусымына ресми түрде жұмыссыздар есебінде    1445 адам тіркелген, жыл басынан 2 675 азамат қайырылып, әлеуметтік қорғау шараларымен 1 744 адам қамтылды.

Есепті кезеңге ваканттық бос жұмыс орындарына 749 азамат жолданды.

Қысқа мерзімді кәсіби оқумен және жұмыс орындарына оқумен қамтамасыз ету

Аудан бойынша 2025 жылы 100 азаматты қысқа мерзімді оқу курстарымен және 45 азаматты жұмыс орындарында оқумен қамту жоспарланды.

Сонымен қатар, 285 азаматты онлайн оқу курстарын жолдау жоспарланып, есепті кезеңге 83  азамат оқумен қамтылды.

2025 жылға «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша                        385 азаматты оқыту жоспарланып, бүгінгі күнге аудан көлемінде кәсіпкерлік негіздері бойынша 139 адам оқуға жолданды.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру 

  2025 жылы аудан бойынша 150 азаматты қайтарымсыз мемлекеттік грантпен қамту жоспарланған, есепті кезеңге 45 азамат грантпен қамтамасыз етілді.

Субсидияланған жұмыс орындарымен қамту

Ақылы қоғамдық жұмыстармен 650 адамды қамту жоспарланып, есепті кезеңге 618 азамат ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды.

Жастар практикасына 220 адамды қамту жоспарланып, есепті кезеңге 51 азамат жастар тәжірибесіне жолданды.

Алғашқы жұмыс орындарымен 58 адамды қамту жоспарланып, есепті кезеңге 7 азамат жастар тәжірибесіне жолданды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 70 адамды қамту жоспарланды. Бүгінгі күнге 34 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды.

 «Күміс жас» жобасы бойынша 95 азаматты жұмыспен қамту жоспарланып, есепті кезеңге 63 азамат жұмысқа жолданды.

Ұрпақтар келісім шарты аясында 2 азаматты жұмыспен қамту жоспарланды.

 

 

 

 «Ауыл аманаты» жобасы 2019 жылы Қордай ауданының Жамбыл ауылдық округінде пилоттық жоба ретінде басталып кейіннен Кенен, Қаракемер, Қарасу, Сарыбұлақ, Қақпатас ауылдық округтарында іске асырылды.

Қазіргі таңда аудан бойынша 3,1 млрд. теңгеге 6016 бас МІҚ, 10879 бас қой және 405 бас жылқы сатып алынды. 4 өндірістік кооператив 25 техника мен құралжабдықтарын алып, 690 тұрғын жеке кәсібін жүргізді.

2025 жылға «Ауыл аманаты» жобасының 5-ші бағыты бойынша 1,2 млрд. теңге көлемінде 56 жаңа жоба жинақталып, ауыл шаруашылық басқармасына ұсынылды. Аталған жұмыстар жалғасын табуда тұрығындардан қазіргі таңға дейін  жобаға ниет білдірушілерден құжаттар қабылдануда.

 

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Аудан халқының әл-ауқатын арттыру, аудан экономикасын дамыту мақсатында алдағы уақытта да жүйелі жұмыстар жалғасын табатын болады. Әрине, бұл тұста халықпен етене жұмыс атқарып, Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген мәселерді орындауда жұмыла еңбек етеміз.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар