Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Т.Рысқұлов ауданының қаңтар-мамыр айының қорытындысымен әлеуметтік экономикалық дамуы және бюджеттің атқарылуы бойынша

Т.Рысқұлов ауданының қаңтар-мамыр айының қорытындысымен әлеуметтік экономикалық дамуы және бюджеттің атқарылуы бойынша
ашық
Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айының қорытындысымен аудан экономикасының негізгі көрсеткіштерінің басым бөлігінде оң динамика қалыптасты. Жалпы шығарылған өнім көлемі қаңтар-мамыр айына 18,2 млрд. теңгені құрап, 3,3 млрд. теңгеге (122.1%) артық орындалып отыр. (2024 жылы 14.9 млрд. теңге). Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 5,3 млрд. теңгені құрап, 100,4%-ға орындалған (2024 ж. 6,3 млрд. теңге, 102,0%). Өсімдік шаруашылығы 100,0%-ға (2024 ж. 0,03 млрд. теңге, 100%); *Мал шаруашылығы 100,4%-ға (2024 ж. 5,197 млрд. теңге, 108,1%). Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3,9 млрд. теңгені құрап, 135,1%-ға орындалды (2024 ж. 2,8 млрд. теңге, 92,4%). Құрылыс көлемі 2,5 млрд. теңгені құрап, 159%-ға орындалды (2024 ж. 1,5 млрд. теңге 106,6%). Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 3478 шаршы метрді құрап, 106,6%-ға орындалды. (2024 ж. – 3262 ш/м 102,5%). Бөлшек сауда тауар айналымы 3 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 105,2% деңгейінде қалыптасты (2024 ж. 1,5 млрд. теңге, 103,4%). Дегенмен, бір көрсеткіш белгіленген межеге жеткен жоқ, ол өнеркәсіп өндірісінде 7,5 млрд. теңгенің өнімдері өндіріліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 2 млрд. теңгеге артық орындалғанымен (2024 жылдың тиісті кезеңіне 5,5 млрд. теңге), НКИ 86,4%-ға орындалған.

Анықтама ретінде: Доре қорытпасын өндіру көлемін 2024 жылмен салыстырғанда  төмендеу күтілуде.  Төмендеудің негізгі себебі  жүкті өндіру көлемінің  өсуі  болып табылады.    Көкқия кен орнын игеру бос тау жыныстарын  жою бойынша тау-кен жұмыстарының  тұтас кешенін жүзеге асыруды талап ететін ашық әдіспен тау-кен өндіру әдісімен жүзеге асырылады.

Карьерді тереңдету жұмыстары  көлемінің ұлғаюына әкеледі.

Өз кезегінде табиғи ортаның өсуі тау-кен массасының сұйылуына, пайдалы  компонент (алтын)  құрамының  төмендеуіне және Доре қорытпасы өндірісінің  төмендеуінен.

 

Жалпы ауданда әр бюджеттік бағдарлама тетігінен                7,4 млрд (о.і. 2025 жылға 2,7 млрд) теңгеге (РБ- 0,6 млрд.теңге, ОБ-2,5 млрд.теңге, АБ-0,1 млрд. теңге) 13 жоба жоспарланып, жұмыстар атқарылуда. (ауыз су-5 жоба,  авто жол -3 жоба, білім-2 жоба, спорт -1 жоба, тұрғын үй-1 жоба,  ауыл шаруашылығы – 1 жоба,):

Білім саласы бойынша құны 2,1 млрд. теңгеге                 (2025 ж – 974,5 млн) 2 жоба (Малдыбай ауылындағы 120 орындық мектеп құрылысы - 1,7 млрд.теңге, Қ.Сұлтанбеков атындағы орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу - 460 млн. теңге);

 

Спорт саласы бойынша құны 427,9 млн. теңгені  (2025 ж – 110,0 млн) (АЕБ) құрайтын 1 жоба (Құлан ауылы, Арай тұрғын алабында спорт кешенін салу);

 

Тұрғын үй саласы бойынша 274,5  млн. теңгеге 1 жоба (20 пәтер сатып алу);

 

Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге 3,1 млрд. (2025 ж – 622 млн) теңгеге 5 жоба іске асырылуда (Құлан ауылы «Арай» алабында су құбыры желілері мен су тарту құрылыстарын салу- 559 млн. теңге, Р.Сабденов ауылы су шығару имараты және су құбыры желілерінің құрылысы-982 млн. теңге, Сөгеті ауылында су қабылдағыш және су құбыры желілерінің құрылысы-552 млн. теңге, Шөңгер ауылында су қабылдағыш және су құбыры желілерінің құрылысы-518,1 млн. теңге, Мамай ауылында су қабылдағыш және су құбыры желілерінің құрылысы-494,6 млн. теңге);

 

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша құны 1 млрд. (2025 ж – 235 млн) теңгені құрайтын 1 жоба  (Абай ауылдық округіндегі Қарақат су каналын қайта жаңғырту);

 

Авто жол саласы бойынша (АЕБ)  құны 507,3 млн. теңгені құрайтын 3 жоба  (Сұңқайты ауылының кіре беріс  0-2,9 шқ жолын орташа жөндеу -124,5 млн. теңге, Көгершін ауылындағы Көгершін 2,9 шқ, Т. Бариев 2,0 шқ, Амангелді-Таурқұлов 0,4 шқ көшелерін орташа жөндеу- 179,4 млн. теңге, Құлан ауылындағы  Желтоқсан 1,0 шқ, Сырдария 0,6 шқ, М. Өтемісұлы 2,0 шқ, Алматы көшесі 1 шқ, Құлан ауылындағы Арай массивіндегі №7 көшесін 1,8 шқ орташа жөндеу-203,4 млн.теңге) іске асырылуда.

 

Жеке секторға тартылған инвестиция көлемі 6,0 млрд теңгені құрап, 19 жоба іске асырылып, оларда 105 адам жұмыспен қамтылса, 1,4 млрд. теңгеге 73 ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.

1. Құлан ауылындағы «Мега Арзан» 2 қабатты әмбебап сауда үйі. Жоба құны 250 млн.тг құрайды, жұмыспен 14 адам қамтылған.

2. «Парус Т» сағатына 3000 литр шөлмектерге құйылатын ауыз су дайындау. Жоба құны 200 млн.теңге, жұмыспен 15 адам қамтылған.

3. Ауыл аманаты ЖК Атханова, «Макарон цехы», жоба құны – 50 млн.теңге, жұмыспен 3 адам қамтылған.

4. Казпромлит теміржол тұйығы – 540 млн.теңге, жұмыспен 14 адам қамтылған.

5. Құлан ауылындағы «Әлен» әмбебап сауда үйі - жоба құны – 400 млн.теңге, жұмыспен 8 адам қамтылған.

6. ЖК Тушмаев мейрамхана құрылысы, жоба құны – 420 млн.теңге, жұмыспен 10 адам қамтылған.

7. Пенгар ЖШС өрнек тас, кірпіш шығару цехы, жоба құны – 280 млн.теңге, жұмыспен 21 адам қамтылған.

8. Голден компас ЖШС техникалар мен арнайы құрал-жабдықтар жоба құны – 627 млн.теңге, жұмыспен 4 адам қамтылған.

9. Су үнемдеу технологиясы бойынша 350 гектарға (3 шаруашылық, жоба құны – 643 млн.теңге, жұмыспен 16 адам қамтылған.       

10. ЖК «Софи» «Qazaq oil» жанармай құю станциясы, жоба құны – 550 млн.теңге, жұмыспен 8 адам қамтылған.

11. ЖК «Ихласова О.» 300 орындық мейрамхана, жоба құны – 350 млн.теңге, жұмыспен 18 адам қамтылған.

12. ЖК «Бекназарова А.» Супермаркет, жоба құны – 290 млн.теңге, жұмыспен 8 адам қамтылған.

13. "Бектеміс-2020"  ШҚ, Тамшылатып суару, жоба құны – 201,6 млн.теңге, жұмыспен 6 адам қамтылған.

14. "Жайылма" ШҚ, Тамшылатып суару, жоба құны – 144,0 млн.теңге, жұмыспен 4 адам қамтылған.

15. Жамбыл БТТ" ШҚ, Тамшылатып суару, жоба құны – 259,2 млн.теңге, жұмыспен 8 адам қамтылған.

16. Жүнісқадыр тегі" ШҚ, Тамшылатып суару, жоба құны – 144,0 млн.теңге, жұмыспен 4 адам қамтылған.

17. «Атамекен» ЖШС, Тамшылатып суару, жоба құны – 225,0 млн.теңге, жұмыспен 5 адам қамтылған.

18. «Ұзақ» ШҚ, Тамшылатып суару, жоба құны – 144,0 млн.теңге, жұмыспен
4 адам қамтылған.

19. «Ақбұлақ» ШҚ, Тамшылатып суару, жоба құны – 344,1 млн.теңге, жұмыспен 8 адам қамтылған.

Ауданның соңғы 3 жылдағы статистикалық мәліметтеріне жүгінсек, аудандағы көгілдір отынмен қамту деңгейі  99,5%, жолдардың жағдайы 95,7%, ал таза ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 96,1% құрап отыр. Көше шамдарымен жарықтандыру жалпы 352 көше, о.і. 295 көше жарықтандыру 83,8%.

        Аудандағы жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды (2024 жылы – 4,6) құрап отыр (Облыс 4.8%).

          (1940 адам жұмыссыз болып тіркелген, экономикалық белсенді  халық саны – 27700) (2024 жылы 27200)

        2025 жылдың 1 шілде жағдайына жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 2091 (жоспар-3660) азамат тартылып, орындалуы 55,0 пайызды құрады. (1 маусымға жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 1740 азамат тартылып, орындалуы 47,5 пайызды құраған)

        Оның ішінде 890 (жоспар-2000) азамат тұрақты жұмысқа орналасқан (орындалуы 44,5%). Жастар практикасына 130 жас түлектерді  жұмысқа жіберу жоспарланып, 37 адам жолданды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 70 азаматты жұмысқа жіберу  жоспарланып, 30 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды.

Ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 600 азаматты жұмысқа жіберу жоспарланып, 615 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды.

«Алғашқы  жұмыс орны» жобасы бойынша 45 адамды жіберу жоспарланып, 11 адам жұмысқа жолданды.

«Күміс жас» жобасына 95 адамды жұмысқа жіберу  жоспарланып, 91 адам жұмысқа жолданды.

«Ұрпақтар келісім шарты» жобасына 3 жас маманды жіберу жоспарланып, 1 жас маман жұмысқа жолданды.

 

Аудандағы орташа номиналды айлық жалақы 282,7 мың теңгені (2024 жылы 290,2 мың теңге) құрады. Бұл облыстық
(308,9 мың тг) көрсеткіштен 26 200 тг (8,5%) аз, бұл бағытта жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Биылғы жылы 57 кәсіпорын
114 жұмыскердің жалақысы орташа 21,4 пайызға көтерілсе,
63 жұмыс берушідегі 187 адамның еңбек қатынастары заңдастырылып, көлеңкелі экономикадан шығарылды.

        Аудан бойынша бюджетінің өзіндік кірістері бойынша
І жартыжылдыққа жоспары 2,1 млрд. теңге орындалғаны
2,3 млрд. теңге 110,8 пайыз немесе 226,7 млн. теңгеге  артығымен орындалды.

  2025 жылдың І жартыжылдыққа аудан бюджетінің жоспары 3,9 млрд. теңге, орындалғаны 3,8 млрд.теңге немесе 97,5 пайызға игерілді. Игерілмеген қаражат
101,2 млн. теңгені құрады.

Анықтама ретінде

Абай ауылдық округінде орналасқан Қарақат су каналын қайта жаңғырту жұмысы бойынша 94,5 млн. теңге республикадан қаражаттың түспеуінен игерілмеді.

        Тағы бір маңызды мәселе – ел Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі және халықтың беретін бағасы.

        Өткен жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулер өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, ауылдық округ тұрғындарымен барлығы 30 кездесу өткізілді.

        Тұрғындарымен кездесуде көтерілген сұрақтар мен берілген ұсыныстарды іске асыру мақсатында іс-шаралар жоспары бекітілді.  Аталған жоспарларда барлығы тиісті бөлімдерге 72 тапсырма берілді. (оның 24 тапсырмасы орындалса, 
48 тапсырманың орындалуы бақылауда).

          Жыл басынан бері  17 жеке қабылдау өткізіп, 102 тұрғынды қабылдадым. Оның ішінде:

         Жеке қабылдау 8 мәрте өткізіп, 82 азамат қабылдады, көтерілген мәселелер саны – 101 (оның  37 - на ауызша түсінік берілген).

           Кездесу барсында – 9 қабылдау өткізіп, 20 азамат қабылдады. Көтерілген мәселелер саны –29 (оның  7- на ауызша түсінік берілген).

        Көтерілген мәселелерге қатысты жалпы 74 хаттамалық тапсырмалар берілді. Хаттамалық тапсырмалардың шешілгені- 42, бақылауға алынғаны - 17, орындалуда – 15.

Құрметті көрермендер, ауданда шешімін табуды қажет ететін өзекті мәселелер де жоқ емес, бұл бойынша тиісті мемлекеттік органдармен нақты жұмыстар атқарылуда. Ауданның даму жоспары мен сайлауалды бағдарламаға сәйкес кезең-кезеңімен шешілетін болады.

Білім саласы бойынша:

10 мектепте спорт залы жоқ,

5 бастауыш мектепте асхана жоқ,

18 мектеп, 3 балабақша, 1 жасөспірімдер орталығына күрделі жөндеу жүргізу қажет.

7 мектептің қазандықтарын газға ауыстыру қажет.

Денсаулық сақтау саласы бойынша:

Аудандық аурухананы күрделі жөндеу,

Құлан, Көгершін ауылдарында амбулаториялық пунктер салу;

Инфрақұрылымдарға қатысты:

Луговой ауылындағы тұрғын үй алқабының ауыз су, газ тарту,

Арай, Панфилов тұрғын үй алқаптарының кәріз жүйелерін тарту;

5 елді мекенге ИЖС инфрақұрылым тарту және т.б.

         Жалпы аудандағы әлеуметтік-саяси ахуал тұрақты, жоспарланған жұмыстар бекітілген мерзімдерде жүзеге асырылатын болады.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар