Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Ұлттық ауыл шаруашылық санағы

Ұлттық ауыл шаруашылық санағы
ашық
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық статистика бюросының Департамент басшысы және Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары мәлімдеді. Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы 2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазаны аралығында өтеді, респонденттер санақ парақтарын sanaq.gov.kz порталында қашықтан өз бетінше толтыра алады. Бұл он жылда бір рет өткізілетін маңызды мемлекеттік шара ғана емес, сонымен қатар халықаралық маңызы бар науқан. Бұл санақ тек деректерді жинау емес – ол еліміздегі ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайын, оның қалай дамып келе жатқанын, ондағы халықтың тұрмысын көрсетеді.

Барлық ауыл шаруашылығы құрылымдары санақтан онлайн өтуі тиіс. Жалпы алғанда, мыңнан астам ауыл шаруашылығы кәсіпорнын, сондай-ақ 33 мыңнан астам шаруа және фермер қожалықтары мен ауыл шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкерлерді қамту жоспарланып отыр.

Sanaq.gov.kz сайтында сауалнамадан өту мүмкіндігі 1 тамыз күні сағат 00:00-де іске қосылады. Сауалнама сұрақтарына жауап беру үшін ЭЦҚ, SMS немесе eGovMobile қосымшасындағы QR-код арқылы авторизациядан өтуі қажет.

Сайтта сауалнаманы толтыруға көмектесетін көмекші ақпарат, бейненұсқаулық болады. Сондай-ақ тәулік бойы жұмыс істеп, сұрақтарға жедел жауап беретін SANAQ мырза чат-боты бар.

Санаққа қатысу үшін барлық жағдай жасалған. Егер ауылда компьютер немесе интернет болмаса, респонденттер ауылдық округ әкімдіктері мен аудандық статистика басқармаларындағы өзін-өзі қызмет көрсету аймақтарына жүгіне алады. Жамбыл облысы бойынша барлығы санақтан өтетін 165 орын қамтамасыз етілген. Бұл пункттерде санақтан өту үшін жабдықталған орындар және сұрақтар туындаған кезде консультациялық көмек көрсетіледі.

Барлық ауыл шаруашылығы өндірушілері мен жеке қосалқы шаруашылық басшыларын санаққа қатысуға шақырамыз. Осы арқылы сіз елдегі ауыл шаруашылығының дамуына ықпал ете аласыз. Сіздің жауаптарыңыз субсидиялардың бөлінуіне, сақтау қоймаларының салынуы сияқты маңызды шаралардың қолданылуына әсер етеді.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар