Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жамбыл облысы: Көпбалалы отбасыларға әлеуметтік қолдау жалғасуда

Жамбыл облысы: Көпбалалы отбасыларға әлеуметтік қолдау жалғасуда
Облыста көпбалалы отбасылардың әл-ауқатын арттыруға және олардың тұрмыс сапасын жақсартуға тұрақты көңіл бөлініп келеді.

Қазіргі таңда өңірде 50 мыңға жуық көпбалалы отбасы тұрады. Оның ішінде 5 798 ана – «Алтын алқа», 11 173 ана – «Күміс алқа» иегері. 
Биыл 4 198 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілсе, 45 мыңнан астам көпбалалы отбасы мемлекеттік жәрдемақы алуда.
2014 жылдан бері «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына облысымыздан 2 700-ден астам отбасы қатысқан. Олардың 60%-дан астамы – көпбалалы, 213-і – интернационалдық отбасылар.
Биыл байқауға Тараз қаласы мен аудандардан 222 отбасы қатысып, оның 22-сі облыстық кезеңге жолдама алды. Бұл әулеттер – түрлі салада жетістікке жетіп, өңір абыройын асқақтатып жүрген үлгілі жандар.
 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар