
Жамбыл облысы ПД Көші-қон қызмет басқармасының мәліметіне сәйкес 2025 жылдың 7 ай ішінде Жамбыл облысы аумағына 21 311 (118-і шалғай шетел азаматтары, 21193-і – ТМД азаматтары) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар уақытша тіркелуге рұқсаттама алған (2024 жылы - 19266). Оның ішінде 19274-і ҚР аумағына жұмыс істеу мақсатында тіркелген, 1244-і отбасымен қайта қосылу үшін ал қалғандары әр түрлі мақсаттар бойынша тіркелген.
Сонымен қатар қазіргі таңда Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 2756 шетел азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылып (ҚР ӘҚБтК-нің 517, 510 және 449 баптары бойынша), оның 648-і Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік жолмен шығарылып жіберілді. Оның ішінде басым көпшілігі ТМД азаматтары, әсіресе Өзбекстан, Тәжікстан және Түркменістан Республикасының азаматтары.
Сондай-ақ өздерініңізге белгілідей шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауына қабылдаушы тарапта жауапты. Сондықтан Қазақстан Республикасына келіп, уақытылы шетелдіктердің ҚР аумағынан уақытылы кетуін қамтамасыз етпегені үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 518 бабы), 407 Қазақстан Республикасының азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.