Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Өңірдегі мәдениет және тілдерді дамыту саласында 2025 жылдың I жартыжылдығында атқарылған жұмыстар

Өңірдегі мәдениет және тілдерді дамыту саласында                  2025  жылдың I жартыжылдығында атқарылған жұмыстар
открытый
Мәдени ошақтар мен кітапханалар, музей, ескерткіштер мен тілдерді дамыту саласы бағытындағы жұмыстарды қамтитын облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасында жоспарланған шаралар тұрақты әрі мақсатты түрде жүзеге асуда. 2025 жылы бірқатар іс-шаралар өткізіліп, өңірдегі мәдениет және тілдерді дамыту саласының көші ілгері жылжыды. Мәселен, жыл «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасымен ашылып, «Жамбыл - менің жай атым, халық - менің шын атым» атты республикалық ақындар айтысы дәстүрлі түрде жалғасын тапты. 23 сәуір - Ұлттық кітап күніне орай 2025 жылдың 16-17 сәуір күндері «КІТАП - ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ» AULIEATA BOOK республикалық кітап фестивалі өтті.

Кітап фестиваліне 16 баспа, кітап дүкендері мен арнайы қонақтар қатысты.

9 мамырда Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры, көрнекті жазушы және даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай, облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Бауыржан Момышұлы» музейінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

          Ал, тілдерді дамыту саласы бойынша тіл саясатын дамыту, мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту бағытында жыл басынан 25 іс-шара өткізіліп 4 420 адам қамтылды. Мәдениет және тілдерді дамыту саласында дәл осылай ауыз толтырып айтарлықтай ауқымды істер жүзеге асуда.

          Баспасөз конференциясы барысында басқарма басшысы        Ерлан Жүнісбай өңірдегі мәдениет, тілдерді дамыту саласының дамуы, 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы есеп береді. Сондай-ақ, жыл соңына дейін жоспарланып отырған іс-шаралар мен ауқымды жұмыстар жайындағы ақпараттар да ортаға салынады.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар