Жамбыл облысының Әділет департаментімен 2025 жылдың 7 айында атқарылған жұмыста
- author Zhambylokq
- Бүгін, 16:03
- 3

Жамбыл облысы Әділет департаментімен 2025 жылдың 7 айында біршама маңызды жұмыстар атқарылып, жоспарланған стратегиялық индикаторларға қол жеткізілді.
Атап айтқанда,Жамбыл облысындағы адвокаттардың санының тұрақты өсу динамикасын көрсетуде. Қазіргі кезде адвокатардың саны 263 жетті.
Әділет департаменті 114 адвокаттармен тегін заң көмегін көрсету туралы келісім жасады.
Есепті кезенде 9 738 азаматтарға тегін заң көмегі көрсетілгенін атап өтеміз.
Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде (АҚЖ) кез келген құқықтық сұраққа онлайн режимде жауап алуға мүмкіндік беретін жасанды интеллект негізіндегі «Цифрлық көмекші» чат-боты іске қосылды. Сонымен қатар, «Әділет» АҚЖ-не енгізілген бұл чат-бот қойылған сұрақтар бойынша заңнамалық актілердің нормаларына сілтеме береді.
«Әділет» АҚЖ-не кіру үшін интернет қажет. Бұл қосымша интернетке қосылған кез келген ұялы телефон немесе компьютер құрылғысы арқылы қолжетімді.
Чат-ботты пайдалану үшін adilet.zan.kz ресми порталына өтіп, басты бетте төменгі сол жақ бұрыштағы чат боты белгішесін басу керек.
Ашылған терезеде Сізді қызықтыратын сұрақты енгізіңіз. Жауап автоматты түрде беріледі, қажет болған жағдайда чат бот нақтырақ ақпарат беру үшін сұрақты нақтылауды ұсынады.
Қызмет тәулік бойы, үзіліссіз және демалыссыз қолжетімді, тіркеуді қажет етпейді және толығымен тегін.
«Цифрлық көмекші» азаматтарға кез келген құқықтық сұрақ бойынша жедел әрі қолжетімді заңгерлік кеңес бере алады.
Осыған қоса, халықты заң көмегін онлайн түрде алу және көрсетуге арналған бірыңғай ақпараттық жүйе – «E-Zan Komegi» туралы хабардар ету бойынша Әділет департаменті жүйелі түрде жұмыс жүргізуде.
«E-Zan Komegi» ақпараттық жүйесі қазіргі уақытта Android жүйесінде iOCu қосымшасы арқылы қолжетімді. Бұл кез келген пайдаланушыға өмірлік жағдайларды шешу үшін заңгерлік қауымдастыққа жүгінуге мүмкіндік береді.
Аталған жүйе азаматтардың адвокаттар мен заң кеңесшілерінің қатысуымен білікті заң көмегіне қолжетімділігін қамтамасыз ету мен жеңілдетуге бағытталған.
Сондай-ақ, портал аясында азаматтарға тәулік бойы құқықтық кеңес беретін құқықтық ақпарат қызметінің операторларымен «Бейнеқоңырау» функциясы іске қосылған.
Жасанды интеллект негізіндегі цифрлық көмекшіні енгізу мен пайдалану – ел азаматтарына заң көмегінің қолжетімділігін арттырып, құқықтық қызметтерді автоматтандыруды көздейтін Digital Justice (Цифрлық әділет) бастамасының бір бөлігі болып табылады.
Оңайлатылған іс жүргізу (робот сот орындаушысы) бойынша 20.08.2024 жылдан бастап 19.08.2025 жылға дейін 20 айлық есептік көрсеткішке дейінгі соманы өндіріп алу бойынша барлығы 1 099 884 480теңгені құрайтын 51 643 атқарушылық іс жүргізу қозғалды.
Оның ішінде 315 934 765теңгені құрайтын 15 790 атқарушылық іс жүргізу айыппұлдың төленуіне байланысты қысқартылды.
Қалдықта 111 684 692теңгені құрайтын 5 387 атқарушылық іс жүргізу орындауда қалды.
Қазіргі таңда жеке сот орындаушыларына 672 265 023 теңгені құрайтын 30 466 атқарушылық құжат өтті.
Робот сот орындаушысы арқылы жеке тұлғалар жеке сот орындаушысының қызметінің ақысына төленетін 78 983 691 теңгені үнемдеп отыр.