Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету бойынша өзгерістер

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету бойынша өзгерістер
ашық
Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласы халық үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытында дамуын жалғастыруда.

2025 жылғы 31 шілдедегі деректерге сәйкес, облыс халқының саны 1 220 041 адамды құрады. Оның ішінде 537 489-ы – қала тұрғындары (оның ішінде Тараз қаласы – 438 188 адам), ал 682 552-сі – ауыл тұрғындары.

Облыста мемлекеттік секторда 37 заңды ұйым жұмыс істейді, оның ішінде мемлекеттік мекемелер – 2, шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар (ШЖҚ КМК) – 2. Медициналық көмектің деңгейлері бойынша ұйымдар былайша бөлінеді: облыстық – 19, қалалық – 7, аудандық – 11. Барлық аурухана төсектерінің саны – 5927, оның ішінде 4469-ы мемлекеттік секторға тиесілі.

2025 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша дәрігерлердің саны 3458 адамға жетті, оның ішінде 2601-і мемлекеттік секторда еңбек етеді. Дәрігерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың тұрғынға шаққанда 30,2-ні құрады (оның ішінде мемлекеттік секторда – 22,7). Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өскен. Мемлекеттік ұйымдардағы дәрігерлердің санаттылығы 29,6 пайызды құрайды, олардың 16,8 пайызы жоғары біліктілік санатына ие.

Орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілу деңгейі 10 мың тұрғынға шаққанда 104,6-ны құрады (оның ішінде мемлекеттік секторда – 89,1). Орта медицина қызметкерлерінің санаттылығы 32 пайызға жетті, бұл өткен жылғы көрсеткіштен (26,7%) жоғары. Сонымен бірге, Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі және Шу аудандарында орта медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету деңгейі әлі де төмен.

2024 жылы облыстағы өмір сүрудің күтілетін ұзақтығы 75,53 жасты құрады, бұл республикалық орташа деңгейден жоғары. Оның ішінде ерлерде – 71,62 жас, әйелдерде – 79,55 жас.

Әлеуметтік маңызы бар аурулардың ішінде туберкулезбен сырқаттанушылықтың (100 мың тұрғынға шаққанда 19,2, 2024 жылы – 21,3) және қант диабетінің (116,7, 2024 жылы – 130,0) төмендеуі байқалады.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар