Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

№4 ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БЖСМ-НІҢ ЖҰМЫСЫ МЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ

№4 ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БЖСМ-НІҢ ЖҰМЫСЫ МЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ
ашық
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, бүгінгі баспасөз мәслихатында №4 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жыл басынан бері атқарған жұмыстары мен жеткен жетістіктері баяндалды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне №4 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жыл басынан бері атқарған жұмыстары мен жеткен жетістіктері туралы ақпарат берілді.

№4 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі 2001 жылдың 15 сәуірінде құрылған. Спорт мекемесі Тараз қаласы, Абай даңғылы 109 «а» мекенжайында орналасқан. Қазіргі таңда мектепте 9 олимпиадалық спорт түрі қамтылған: велосипед спорты, жеңіл атлетика, жүзу, қазіргі бессайыс, оқ ату, семсерлесу, су добы, теннис және триатлон. Аталған спорт түрлері бойынша 40 жаттықтырушы 1102 спортшымен тұрақты түрде жұмыс істейді.

Мектеп түлектері арасында ел намысын халықаралық ареналарда абыроймен қорғаған белгілі спортшылар бар. Олардың қатарында:

Асель Джакаева — су добынан 2000 жылғы Сидней және 2004 жылғы Афина Олимпиада ойындарының қатысушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қазіргі таңда Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері;

Алтай Алтаев — 2018 жылғы Азия ойындарының чемпионы (Джакарта), 2021 жылғы Токио Олимпиадасының қатысушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері;

Дінмұхамед Улысбаев — 2016 жылы Швейцарияда өткен Әлем кубогының күміс жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері;

Нұрболат Күлімбетов — 2013 жылы Үндістанда өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері, ұлттық құраманың аға бапкері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері;

Георгий Борода-Дудочкин — 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қатысушысы, қазіргі бессайыстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері;

Данир Қалдыбеков — жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының жеңімпазы (теннис), Қазақстан Республикасының спорт шебері;

Нурдаулет Жумагали — 2021 жылғы Токио және 2024 жылғы Париж Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері (паражүзу), Азия және Қазақстан чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.

2025 жылы спорт мектебінің ғимаратында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, велобазаның екінші қабатындағы спорт залы мен дәліздер, қыздардың киім ауыстыру бөлмесіндегі шкафтар, әдіскерлер бөлмесі, қабылдау бөлімі жаңартылуда. Сондай-ақ әкімшілік ғимараттың қабырғалары мен жарық шамдары ауыстырылып, «Дельфин» бассейнінде бояу жұмыстары атқарылды.

Жыл басынан бері спорт мектеп тәрбиеленушілері түрлі деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, өңір намысын қорғауда.

Су добынан Қытайда өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатында Адай Ақжан мен Озская Алина қола жүлдегер атанды.

Сингапурда өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында 7 ұл спортшы — 3 орын, 9 қыз спортшы — 2 орын иеленді.

Велосипед спортынан Тайландта өткен Азия чемпионатында Буренкова Ангелина жеке сында (64 км) жеңімпаз атанып, командалық эстафетада (22 км) күміс жүлде иеленді. Ал Қытайда өткен әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Ли Юлия командалық эстафетада күміс жүлдеге қол жеткізді.

Қазіргі бессайыстан Бурабайда өткен Азия чемпионатында 1 алтын, 2 күміс және 4 қола жүлде жеңіп алынды.

Оқ атудан Шымкентте өткен Азия чемпионатында 3 күміс медаль иеленді.

Қазақстан Республикасы Жастар ойындарында:

Су добынан Жамбыл облысының ұлдар және қыздар құрамасы чемпион атанды;

Қазіргі бессайыстан — командалық есепте 2 орын;

Велосипед спортынан — 4 алтын, 2 күміс, 1 қола;

Оқ атудан — 3 күміс және 5 қола жүлде иеленді.

ҚР чемпионаттарында жыл басынан бері спортшылар 50 алтын, 51 күміс және 66 қола медаль жеңіп алды.

Бұл — мектеп спортшыларының жетістіктерінің бір ғана бөлігі. Алда халықаралық және республикалық додаларда да тәрбиеленушілер өңір намысын қорғап, еліміздің абыройын арттыратынына сенім мол.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар