Өнеркәсіп
Ауданда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 103,2 млрд теңгеге орындалып, нақты көлем индексі 101,2% болды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай өсім.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 23,8 млрд теңгені құрап, НКИ 99,9% болды.
2024–2025 жж. қысқы маусымдағы жауын-шашынның аздығына байланысты тәліми алқаптарда өнімділік төмендеді. 13 734 гектар тәліми егістіктің 10 500 гектарында шығымдылық төмендеп, 6 900 гектары оруға жарамсыз болды.
Нәтижесінде бидай – 3 402 т, арпа – 3 875 т, мақсары – 120 т кем жиналды.
Ауданда 1 542 шаруа қожалығы тіркелген, оның 1 421-і белсенді. 23 149 гектар егістік игерілді.
Шаруашылықтар тарапынан 1 858 тонна тыңайтқыш алынып, 50%-ы субсидияланды.
«Ауыл аманаты» жобасымен 305 млн теңгеге 42 жоба, «Саудакент несие серіктестігі» арқылы 155,3 млн теңгеге 21 жоба қаржыландырылды.
Жайылым мәселесін шешу мақсатында 2025 жылы жоспарланған 13 000 гектардың орнына 15 146 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Инвестиция
Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 104,6 млрд теңге болып, НКИ 295,6% құрады.
Бұл көрсеткіш аудандағы ірі кәсіпорындардың жобалары есебінен айтарлықтай артқан.
Құрылыс және тұрғын үй
Құрылыс жұмыстарының көлемі 27,6 млрд теңгені құрап, НКИ 148% болды.
Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 18 282 шаршы метрге жетіп, өсім 101,8% болды.
Жаңатас қаласында:
№45 – 80 пәтерлі тұрғын үйді қайта қалпына келтіру,
60 пәтерлі жаңа үйдің құрылысы жүргізілуде.
Сауда
Бөлшек сауда тауар айналымы 3,9 млрд теңгеге жетіп, НКИ 100,2% құрады.
Аудан бюджеті
2025 жылғы аудан бюджетінің кірістер жоспары – 9,9 млрд теңге.
1 қарашадағы нақты түсім 7,6 млрд теңгені құрап, жоспар 7,7% артық орындалды.
Шығыс бөлігі 99,6% игерілді.
Жол жөндеу жұмыстары
Ауданда көлік инфрақұрылымын жақсарту бағытында:
Шығанақ – Қамқалы бағытындағы 17 км жол толық жөнделіп пайдалануға берілді;
Саудакент – Жайылма бағытындағы 11 км жолдың 5 км биыл жөнделіп, қалған бөлігі 2026 жылы аяқталады;
Ұйым ауылындағы Сырлыбаев көшесі жөнделді.
Газдандыру
Сарысу ауданының 14 елді мекенін газдандыру жобасы жүзеге асуда.
Жоба құны – 3,9 млрд теңге.
13 елді мекенге сыртқы және ішкі газ құбырлары жүргізілді.
2026 жылы ауданның 76% газбен қамтамасыз етіледі (халық бойынша – 94%).
Жаңатас қаласында қажетті 13 ГРШП-ның 7-і орнатылды, қалғандары кезең-кезеңімен орнатылады.
Ауыз су
Аудандағы барлық елді мекендер орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған.
Жайылма және Маятас ауылдарының су жүйелерін жаңғыртуға 1,6 млрд теңге бөлініп, құрылыс 2026 жылы басталады.
Білім беру
2025 жылы білім беру нысандарына 617 млн теңгеге 5 жоба іске асырылды:
екі балабақша мен бір мектеп газ жүйесіне ауыстырылды;
«Болашақ» бақшасы күрделі жөндеуден өтті;
екі мектепке күрделі жөндеу жүргізілді.
Денсаулық сақтау
Саудакент ауылындағы емхана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді (156 млн теңге).
Медициналық жабдықтарға инвестиция артты.
Ауданға биыл 4 жаңа дәрігер қабылданды.
Спорт
257 спорт нысаны жұмыс істейді.
Жыл басынан бері аудан спортшылары 315 медаль жеңіп алды.
6 жаңа спорт алаңшасы орнатылды.
Мәдениет
Жыл басынан 771 мәдени іс-шара өткізіліп, 70 мыңнан астам адам қамтылды.
Досбол ауылындағы клуб үйі жөнделді.
Жұмыспен қамту
Мемлекеттік бағдарламалар аясында 1 307 тұрғын жұмыспен қамтылды.
80 адамға 125,8 млн теңге көлемінде грант берілді.
Ірі жобалар
Ауданда екі ірі зауыттың құрылысы жалғасуда:
«Еврохим»
«Qazaq Soda»
Жобалардың жалпы құны – 638 млрд теңге.
2027 жылы іске қосылғанда 2 200 жаңа жұмыс орны ашылады.




