Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ОБЛЫСТЫҢ 2025 ЖЫЛҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ

ОБЛЫСТЫҢ 2025 ЖЫЛҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ
ашық
2025 жылы ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 29,2 млрд теңге бөлініп, оның 29,1 млрд теңгесі немесе 99,9%-ы игеріліп, 5 мыңнан астам шаруаға субсидия төленді. Соның нәтижесінде жыл басынан бері 458,5 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 3,1% өсімге қол жеткізілді. Бұл республика бойынша 6-орын.

Өсімдік шаруашылығында 292,0 млрд теңгенің өнімі өндірілді, НКИ – 104%. 2025 жылы егіс көлемі 640 мың гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 13,2 мың гектарға артты. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 362 мың гектар, мал азығы дақылдары 181,3 мың гектар, майлы дақылдар 38 мың гектар, көкөніс 31,1 мың гектар, бақша дақылдары 12,7 мың гектар, картоп 8,2 мың гектар, қант қызылшасы 6,6 мың гектар жерге егілді. Көктемгі ауа райының күрт жылынуы және жауын-шашынның аздығы өнімділіктің төмендеуіне әсер етті. Нәтижесінде 343,5 мың гектар масақты дақыл жиналып, орташа өнім 9 центнерді құрады. Барлығы 283 мың тонна астық бастырылды. Оның ішінде 147 мың гектар бидайдан 145,2 мың тонна, 169 мың гектар арпадан 137,8 мың тонна өнім алынды. Агросаланы әртараптандыру аясында мал азығы дақылдары 3,6 мың гектарға, майлы дақылдар 5 мың гектарға, көкөніс 4,7 мың гектарға, бақша 7,3 мың гектарға, картоп 1,5 мың гектарға артты. Жалпы ауыл шаруашылығы дақылдарының өнім көлемі 3,3 млн тонна болды. Жиналған өнімнің 451,6 мың тоннасы қоймаларға сақтауға қойылды. Оның ішінде 436,9 мың тонна пияз, 1,8 мың тонна картоп, 540 тонна сәбіз және басқа өнімдер бар. Шетелге 888,7 мың тонна өнім экспортталды, оның 410 мың тоннасы пияз. Бұл көрсеткіш республика бойынша 1-орынды құрайды.

Жыл ішінде 487,7 мың гектар алқапқа 97,5 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізілді. Көктемгі және күзгі дала жұмыстарына 24,3 мың тонна дизель отыны бөлініп, шаруаларға толық жеткізілді. «Кең дала» және «Кең дала 2» бағдарламалары аясында 209 шаруаға 4,9 млрд теңге көлемінде 5%-дық несие берілді. Техника паркін жаңарту мақсатында 762 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Су үнемдеу технологиялары енгізілген алқап көлемі 66,5 мың гектарға жетті.

Қант қызылшасын өндіру бойынша 4,2 мың гектар жерден 204,7 мың тонна өнім жиналды, оның 186,6 мың тоннасы зауытқа өткізілді. Жыл соңына дейін 250 мың тонна өнім алу жоспарланып отыр. Субсидиялау үшін жергілікті бюджеттен 6,9 млрд теңге бөлініп, республикалық бюджеттен 5,3 млрд теңге қаражат күтілуде.

Аймақта мал шаруашылығы саласы жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің 52 пайыздан астамын құрайды. Жалпы мал басы 3,7 млн-ға жетті. Оның ішінде мүйізді ірі қара 441,1 мың, қой 3,1 млн, жылқы 179,7 мың, түйе 8,3 мың, құс 1,8 млн басты құрады. Ет өндіру 96 056,4 тоннаға, сүт өндіру 196 747,1 тоннаға жетті. 4 629,9 тонна ет және 539,8 тонна шұжық өнімдері шетелге экспортталды.

Мал қыстату науқанына 450,1 мың мүйізді ірі қара, 3,2 млн қой-ешкі, 183,6 мың жылқы, 8,3 мың түйе түсірілді. Қажетті жем-шөп қоры толық дайындалды. Қыстау орындары жөнделіп, малшыларға арналған 5 564 үй мен мал қоралары толықтай әзірленді.

«Ауыл аманаты» жобасы аясында 2019–2023 жылдары 42,2 млрд теңгеге 8028 жоба қаржыландырылды. 2025 жылы қосымша 3,2 млрд теңгеге 437 жоба іске асырылды. Агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларға ерекше көңіл бөлініп, 2027 жылға дейін жалпы құны 365 млрд теңгені құрайтын 37 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Биыл 18,1 млрд теңгеге 5 жоба іске қосылды. Сонымен қатар салада құс шаруашылығы, сүт фермалары, көкөніс сақтау қоймалары және қайта өңдеу бағыттары қарқынды дамуда.

Жалпы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы облыс экономикасының негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналып, жыл сайын тұрақты дамуда. Алдағы уақытта суармалы жерлерді көбейту, техника паркін жаңарту, асыл тұқымды мал санын арттыру және заманауи цифрлық фермалар құру бағытындағы жұмыстар жалғасатын болады.

 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар