Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ЛУДОМАНИЯҒА ҚАРСЫ КҮРЕС

ЛУДОМАНИЯҒА ҚАРСЫ КҮРЕС
ашық
Заңсыз ойын бизнесі мен лудомания проблемасы және осы жағымсыз құбылыстармен күрес халықтың, оның ішінде неғұрлым дамыған елдердің стандарттарына сәйкес келетін өскелең ұрпақтың әлеуметтік-қоғамдық жағдайының, психикалық денсаулығы мен имандылығының әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады.

Заңсыз ойын бизнесі көлеңкелі экономиканың құрамдас бөлігі болып келеді, оған қарсы күрес республиканың барлық мемлекеттік органдары, ұйымдары мен азаматтары үшін басым болып табылады.

Департамент заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру деректерін жыл сайын облыстың барлық аумағында және ғаламтор-ресурстарында анықтап, жолы атап айтқанда кесіледі.

Мысалы, 2024 жылда Департамент Тараз және Шу қалаларында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру 4 деректері анықталды. Осы деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабы бойынша қылмыстық істер тіркеліп, 4 іс сотқа жолданды. Аталған 4 деректердің, үшеуі әлеуметтік желілер пайдалануымен жасалған.

Көрсетілген жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп, нәтижесінде ағымдағы жылда облыс аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі анықталды.

Одан басқа, ағымдағы жылда заңсыз ойын-сауық бизнестен қаражатты заңдастыру дерегі бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді. Сот үкімі бойынша заңсыз ойын-сауық бизнесті ұйымдастырушы 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түрінде жаза алды.

Сонымен қатар, өткен 6 жыл ішінде Департамент қызметкерлері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың 46 деректерін анықтап, осы фактілер бойынша 44 қылмыстық іс сотқа жолданды.

Департаментпен лудоманияның алдын алу бойынша жұмыс әрдайым жүргізуде, алайда бір құқық қорғау органының күшімен бұл жағымсыз құбылысты жоюға болмайтыны анық.

Лудоманиямен ауыратын адамдар қоғам үшін жоғалады, көбінесе заңсыз әрекеттер жасайды, олардың туыстары мен жақындары зардап шегеді, айта келгенде, мемлекетке үлкен зиян келеді, өйткені жас және еңбекке қабілетті жастағы тәуелді адамдардың көпшілігі осылар.

Бұл брифингтің міндеті жұртшылықтың назарын лудомания және заңсыз ойын бизнесі проблемаларына назар аудару, осы жағымсыз құбылыстардың таралуын болдырмау үшін азаматтық қоғамның күш-жігерін біріктіру.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын және мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтінін ескертеміз.

Азаматтарды "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының (12.01.2007 ж. №219) Заңында (Алматы облысында (Қапшағай қаласында) және Ақмола облысының Бурабай қалашығында, Заңның 11-бабының 1-тармағы) айқындалған аумақтардан басқа барлық жерлерде ұйымдастырылуы заңсыз болып табылатынын ескертеміз.

Профилактикалық және түсіндіру жұмыстары

Жоғарыда көрсетілген жұмыстардан басқа, Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияның алдын алу ісіне тұрақты негізде жоғары оқу орындары мен колледж студенттерімен, орта мектеп оқушыларымен дәрістер, дөңгелек үстелдер және кездесулер өткізіліп жатады. Кездесулер барысында көрнекі материалдар, бейнероликтер, слайдтар пайдаланылады, оқушылармен профилактикалық әңгімелер жүргізіледі.

Департамент Жамбыл облысының Ақсақалдар кеңесімен бірлесіп, Тараз қаласының орталық мешітінің алаңында Жамбыл облысының бас имамы мен аудандық мешіттердің діни қызметкерлерінің қатысуымен форум өткізілді. Осы форум аясында діни қайраткерлердің лудоманиямен күресте жәрдемдесуі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Заңсыз контенті бар сайттарды бұғаттау және жою мақсатында интернет-ресурстардың мониторингі бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде.

Мысалы, 2024 жылы Департамент заңсыз ойын қызметі мен қаржы пирамидалары белгілері бар 4,3 мыңнан астам сайттарды анықтап, бұғаттады.

2025 жылдың 10 айында 6 000 астам сілтемелер бұғатталды.

Жұртшылықты заңсыз қызмет туралы ескерту бойынша іс-шаралар шеңберінде Департамент қызметкерлері республикалық және облыстық телеарналар бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының бағдарламаларына қатысады, қоғамдық орындар мен көліктерде бейнероликтер, баннерлер мен плакаттар тұрақты орналастырылады.

 

 

 

 

 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар