Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

МҮГЕДЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚАРАЖАТ ҚАЛАЙ ЖҰМСАЛДЫ?

МҮГЕДЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚАРАЖАТ ҚАЛАЙ ЖҰМСАЛДЫ?
ашық
Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес «Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға бөлінген қаражатты пайдаланудың тиімділігіне Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және оған бағынысты 16 мемлекеттік мекемелерде аудит жүргізілді.

Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша атқарушы органдар тарапынан мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша белгілі бір жұмыстардың жүргізіп жатқанын айтуға болады.

Мәселен, облыста мүгедектерді оңалтудың техникалық құралдарымен, жеке көмекшілердің қызметтерімен және ымдау тілі мамандарымен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету мәселелері іс жүзінде шешілген.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің жоғарыда көрсетілген қызметтерді цифрландыруды енгізуі жеке оңалту бағдарламасының орындалуын едәуір ұлғайтуға мүмкіндік берді.

2023-2024 жылдардың қорытындысы бойынша Жамбыл облысында жеке оңалту бағдарламасының іс-шараларын орындау көрсеткіштері орташа республикалық көрсеткіштерден жоғары.

Дегенмен, мемлекеттік аудит осы салада бірқатар маңызды проблемалар бар екенін көрсетті.    

Облыста стационарлық және жартылай стационарлық типтегі мекемелердің желісі дамыған, онда қолданыстағы заңнамада қаралған барлық арнайы әлеуметтік міндеттер көрсетіледі.

Алайда, стационарлық типтегі әлеуметтік мекемелерді жеткіліксіз қаржыландыру олардың ғимараттарының айтарлықтай тозуына әкелгенін аудит көрсетті. Мысалы, №1, №2, №3 және №4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының ғимараттары бүгінгі күні күрделі жөндеу жүргізуді қажет етеді.

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар тұрақты тұратын осы мекемелердің ерекшелігін ескерсек, ішінара ағымдағы жөндеулер жүргізу үй-жайлардың санитарлық-техникалық жай-күйін жақсартуды тиісті деңгейде қамтамасыз ете алмайды.

Мүгедек балаларға арналған оңалту орталықтарының ішінде Шу қаласында материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша жағдайдың анағұрлым күрделі екенін атап өткім келеді.

Мекеме орталықтандырылған су жүйесіне қосылмаған, ауыз су скважинадан алынып отыр, орталық ауласында жарық жүргізілмеген.

Кадрлармен, әсіресе медициналық қызметкерлермен мәселені шешу ең өзекті проблема болып тұрғаны байқалады.

Мысалы, №6 орталықта түгелге жуық әкімшілік персонал, оның ішінде медицина мамандары облыс орталығынан жұмысқа қатынап істейді.

Мемлекеттік аудитпен әлеуметтік қорғау саласында жұмыс атқаратын педагог қызметкерлерге ҚР "Педагогтардың мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормалары қолданылмайтыны анықталды. Бұл құқықтық сәйкессіздік қызметкерлердің аталған санатына аттестаттаудан өтуге және біліктілік санатын арттыруға мүмкіндік бермейді. Бұл жағдай өз кезегінде олардың алатын жалақыларының деңгейінде теріс әсер етеді.

Мәселен, білім беру жүйесінде жұмыс істейтін педагогтердің орташа жалақысы әлеуметтік саладағы әріптестеріне қарағанда 20-40 пайызға жоғары.

Сонымен қатар, бұл саладағы оқу жүктемесінің жоғарылығы байқалады: егер білім беру жүйесінде норма аптасына 18 сағатты құраса,  әлеуметтік саладағы мекемелерде жүктеме аптасына 40 сағатқа дейін, яғни педагогикалық қызметкерлер үшін белгіленген нормативтен едәуір асып кетеді.

Аутизмі бар балаларды қолдау орталығының қызметіне келетін болсақ, жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар қызметінің ережелеріне сәйкес аутизм спектрі бұзылған балалардың осындай ұйымдарда болуы үшін медициналық қарсы көрсетілімдер белгіленеді.

Білім басқармасын қарасты Тараз қаласында аутизм спектрі бұзылған балалармен жұмыс жөніндегі орталық жұмыс істейді, оның қызметінде балаларды оқытуға, дамытуға және әлеуметтік бейімдеуге кешенді тәсілді қамтамасыз ететін бағдарламалар қолданылады.

Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдардың осы бағыттағы жұмысының тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында Аутизмі бар балаларды қолдау орталығын Білім басқармасының қарауына беру туралы мәселені қарастыру орынды болар еді деп санаймын. Мұндай шешім Білім беру, түзету-дамыту және әлеуметтік қызметтердің неғұрлым тығыз интеграциясын қамтамасыз етуге, сондай-ақ орталықтың әдістемелік және кадрлық қолдау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталған проблемалық мәселелер бойынша тексеру комиссиясы тарапынан тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар жіберілді.

Мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражаттың жалпы сомасы – 15 932,2 млн. теңге, нәтижесінде анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы 2 591,4 млн. теңгені құрады.

Аудит қорытындысымен жалпы сомасы 1 573,4 млн.теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау (Коммуналдық шығыстар мен жалақы бойынша шығыстардың жоспарланатын сомасын асыра бағалау), сондай-ақ 758,9 млн. теңгеге негізсіз жоспарлау фактілері анықталды.

Бұдан бөлек, Бюджет Кодексінің 97-бабы 6-тармағының талаптарын бұза отырып, жалақы және іссапар шығыстары бойынша артық төлемдер жүргізу, сыйлықақыларды негізсіз төлеу, ағымдағы жөндеу жүргізу кезінде жұмыстың кейбір түрлерін орындамау фактілері анықталды. Жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар бойынша жалпы сома 54,0 млн. теңгеден асады.

Мемлекеттік аудит лауазымды адамдар тарапынан ҚР «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының талаптарын толығымен елемейтінін көрсетті. Аудитпен қамтылған кезеңде ғана басқарма және оның ведомстволық бағынысты мекемелері 667,4 млн. теңге сомасына ағымдағы жөндеулер жүргізген. Жөндеудің бұл түрлері өзінің сипаты бойынша күрделі шығындарға жатады.

Нәтижесінде лауазымды тұлғалар жобаларға сараптама жүргізу, мемлекеттік сәулет-құрылыс қадағалау органдарын құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабардар ету жөніндегі талаптарды сақтамаған, техникалық, сондай-ақ авторлық қадағалау жасалмаған.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақтамау салдарынан 383,4 млн. теңгеге сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер бухгалтерлік есепте көрсетілмеген және жалпы сомасы 28,9 млн.теңге аммортизация есептелмеген.

Коэффициенттерді дұрыс қолданбау, сондай-ақ жалақыны есептеу кезінде үстемеақыларды арттыру нәтижесінде 1,8 млн.теңге сомасында бюджет қаражаты негізсіз төленген.  

Рәсімдік бұзушылықтардың негізгі үлесі мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп жүргізу, сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі салаларындағы заңнама талаптарын сақтамауға тиесілі екенін Мемлекеттік аудитпен анықталды. Жоғарыда аталған қолданыстағы заңнама нормаларының бұзылуына жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдану үшін материалдар растаушы құжаттарымен бірге уәкілетті органдарға жолданды.

 

 

 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

ЛУДОМАНИЯҒА ҚАРСЫ КҮРЕС
Алдыңғы мақала
ЛУДОМАНИЯҒА ҚАРСЫ КҮРЕС

Ұқсас жаңалықтар