Қан донациясы 100% ерікті және өтеусіз негізде жүргізіледі. Жамбыл облысы бойынша 1000 тұрғынға шаққандағы қан және оның компоненттері донациясының үлесі орта есеппен 6,8% (6 қан донациясы) құрайды, Республикалық көрсеткіш – 9,2% (9 донация). Гемопоэздік дің жасушаларының донорлары бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Қазақстанда Астана қаласының Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы базасында 2012 жылдан бастап Гемопоэздік дің жасушалары донорларының Бірыңғай ұлттық базасы (тізілімі) жұмыс істейді – бұл қатерлі қан ауруларын емдеуге қол жеткізуге мүмкіндік беретін тез дамып келе жатқан индустрия, технология. Бізге келген донордың келісімі бойынша өтініш және ақпараттық парақ толтырылады, содан кейін, әдетте, жылына екі рет, 80-нен астам қан үлгісі Асатана қаласына жіберіледі. Қан жүйесі аурулары бар пациенттер үшін HLA теру бойынша сәйкестіктер қазірдің өзінде бар екенін атап өткім келеді.
Өндіріс.
Жылына кәсіпорын 25 000 мыңға жуық түрлі қан компоненттерінің дозасын дайындайды. 2025 жылдың 9 айында: эритроцит құрамды компоненттер - 7186 доза, вирус белсенділігі жойылған аферездік тромбоциттер - 1462 доза, барлық түрдегі плазма – 4636 доза, криопреципитат - 402 доза, лейкомасса 37 доза дайындалған. Біз шығарылатын гемоөнімдердің сапасын жақсарту бойынша озық технологияларды үнемі зерттеп, қан компоненттерін дайындаудың неғұрлым жетілдірілген бағыттарын енгізудеміз.
Зертханалық диагностика.
Барлық донорлық қан ИХЛА және ПТР зертханалық диагностикасынан (2 кезеңдік скрининг) өтеді. Зерттеулер жетекші шетелдік компаниялар (Эббот (АҚШ), Roch (Франция), Орто Клиник (АҚШ), Хуман (Германия) және басқалар) жеткізген жоғары дәлдіктегі жабық типті автоматтандырылған жабдықтарда жүргізіледі. 2025 жылдың нәтижелері бойынша, медициналық зертхана СТ РК ISO 15189-2023 стандарты бойынша медициналық зертхананы аккредиттеу аттестатын алды. Зертхананың осы стандарттың талаптарын орындауы, зертхананың қан компоненттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына да, сондай-ақ бүгінгі таңда техникалық сенімді нәтижелер алу үшін қажетті сапа менеджменті жүйесінің талаптарына да сәйкес келетінін білдіреді.
Жетістіктер.
Орталықтың маңызды жетістіктерінің бірі: 2025 жылғы 5 наурызда Жапония Елшілігі мен Жамбыл облыстық қан орталығы арасында 68 790 АҚШ доллары (30 307 195 млн теңге) сомасына гранттық келісімшартқа қол қойылды. Бөлінген қаражатқа 5 бірлік заманауи жабдық сатып алынды. Бұл Қан орталығының материалдық-техникалық базасын нығайтуға және қан компоненттерін дайындау мен скрининг сапасын арттыруға мүмкіндік берді. 4 қарашада Қан орталығында Қазақстан Республикасындағы Жапония Елшілігінің қолдауымен іске асырылған «Шөп тамыры» (KUSANONE) гранттық жобасының аяқталу салтанаты өтті. Салтанатқа Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ииджима Ясумаса мырза қатысты.
Емдеу-профилактикалық ұйымдарға консультативтік-әдістемелік көмек.
Қан орталығы 26 емдеу-профилактикалық ұйымды қан компоненттерімен қамтамасыз етеді, олардың арасында ірі кардиологиялық клиникалар да бар. Соңғы 3 жылда медициналық ұйымдарда 51 мыңға жуық түрлі қан компоненттерінің дозасы құйылған 10 мыңнан астам пациенттің өмірі сақталды.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру жолында облыстың медициналық ұйымдарда 100% «Info Blood» орнатылды, бұл қан орталығының мамандарына гемоөнімдерді ұтымды пайдалануды күн сайын бақылауға мүмкіндік береді. Кәсіпорында трансфузиялық белсенділік, медициналық ұйымның қашықтығы және ауа-райы – географиялық жағдайлардың әсерін ескере отырып, қанның азаймайтын қорын реттеуге және қалыптастыруға бағытталған «Қан менеджменті» бағдарламасы жұмыс істейді.
Серіктестер.
Қан орталығының маңызды міндеттерінің бірі – халықты өтеусіз қан донорлығы туралы барынша кеңінен ақпараттандыру. Қан орталығы күн сайын барлық жаңалықтарды, жарияланымдарды, құттықтауларды әлеуметтік желілердегі парақшаларына орналастырады. Өтеусіз донорлықты дамытуға Оңтүстік округтің әскери бөлімдері, «Аманат» партиясы, коммерциялық емес ұйымдар, мемлекеттік және жекеменшік компаниялардың қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктердің белсенділері мен волонтерлері, сондай-ақ жоғары білім беру мекемелерінің студенттері де көмектеседі.
Біздің тұрақты көмекші ұйым-серіктестерімізге зор алғысымызды білдіріп, «рахмет» айтқымыз келеді:
1. «Қазфосфат» ЖШС; 2. Полиция департаменті; 3. «ОҢТҮСТІК» өңірлік қолбасшылығы; 4. Төтенше жағдайлар департаменті 5. Сондай-ақ қалалық және облыстық медициналық мекемелер.
Қорытындылай келе, донорлықтың пайдасы донордың өзі үшін де сөзсіз екенін тағы да атап өткім келеді. Көптеген өркениетті елдерде қан донорлығы салауатты өмір салтының ажырамас атрибутына айналған. Ғалымдар қанды үнемі тапсыру иммундық жүйе ауруларының алдын алатынын, жүрек-қантамырлары ауруларының туындау ықтималдығын азайтатынын айтады. Сонымен қатар, тұрақты донация донор ағзасының жасару «бағдарламасын іске қосады». Статистикаға сәйкес, донорлар өз азаматтарына қарағанда орта есеппен бірнеше жылға ұзақ өмір сүреді. Қан - бұл адам басқа адамға бере алатын ең құнды нәрсе. Бұл – өмір сыйы.
Рахмет сізге донор




