Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ПАРКІ 10 ЖАҢА «GOLDEN DRAGON» АВТОБУСТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ПАРКІ 10 ЖАҢА «GOLDEN DRAGON» АВТОБУСТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ
ашық дерек
Тараз қаласында қоғамдық көлік сапасын арттыру мақсатында жаңа №31 маршрут іске қосылды. Бұл бағытта қалалық тасымалдаушы мекеме «Smart City Service» жеткізген 10 жаңа «Golden Dragon» автобустар қатынай бастады.

Жеткізілген автобустардың 9 бірлігі жаңа маршрут бойынша қызмет көрсетеді. Маршрут Ақбұлым алқабынан басталып, Кірпіш зауыты, Жауғаш батыр, Балуан Шолақ, Абай, Байзақ батыр, Комратов, Қонаев, Сейфуллин, Әл-Фараби, Төле би, Махамбет батыр көшелерінен өтіп, Ниетқалиев көшесінде аяқталып, Минералды тыңайтқыштар зауытына дейін созылады.

Маршруттың жалпы ұзындығы 23,5 шақырымды құрап, автобустар 13 минут сайын қозғалады. Қызмет көрсету 2026 жылғы 12 қаңтардан бастап басталады. Ал қалған бір автобус резерв ретінде сақталады.

Ақбұлым алқабы Тараз қаласына Байзақ және Жамбыл аудандарынан қосылған елді мекен ретінде ерекше маңызды болып табылады. Осы себепті қоғамдық көлікті қамтамасыз ету мәселесі жаңа маршрут арқылы тиімді шешімін табуда.  

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар