ДИДАР СЫДЫҚБЕК: ШЕРХАН ҚАЛМҰРЗАНЫ «ТАРАЗҒА» ШАҚЫРУ ИДЕЯСЫ МЕНЕН ШЫҚТЫ
- author Zhambylokq
- 12 қаңтар, 2026
- 266
Оның айтуынша, бұл мәселеге байланысты Қайрат Боранбаевтың эмоциялық реакция танытуы орынды жағдай.
Себебі Шерхан Қалмұрза жасөспірім кезінен «Қайрат» жүйесінде тәрбиеленген ойыншы. Сондықтан біздің тараптан ұсыныс жасалғаны олардың көңіліне тиген болуы мүмкін. Бұл – түсінікті әрі орынды реакция, – деді Дидар Сыдықбек.
Сонымен қатар ол Шерхан Қалмұрзаның өзімен де тікелей сөйлескенін атап өтті.
– Біз ойыншымен байланысқа шықтық. Оның жауабы сабырлы болды. «Егер басшылық қарсы болмаса» деді. Яғни, бәрі клубтардың ресми шешіміне байланысты, – деп түсіндірді ол.
Клуб президенті бұл жағдайдың екі ұжым арасындағы қарым-қатынасқа әсер етпейтінін ерекше атап өтті.
– Бұл – футбол. Мұнда түрлі эмоция мен реакция болады. Бірақ екі клуб арасында ешқандай кикілжің жоқ және болмайды, – деді ол.
Сондай-ақ, «Тараз» клубының алдағы уақытқа арналған нақты стратегиясы бар екенін жеткізді.
Бізде болашаққа бағытталған жоспар бар. Шерханды өз құрамамызда көреміз деген үміт әлі де сақталып отыр. Өйткені лигадағы лимит мәселесі бар. Қақпашы позициясындағы лимитті дәл Шерхан Қалмұрзамен жабу идеясы болған, – деп түйіндеді Дидар Сыдықбек.
ҚҰЛАН ҚАЛАШЫҒЫ АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ МУЗЕЙГЕ АЙНАЛАДЫ
Ұқсас жаңалықтар
2025 ЖЫЛЫ АЛАЯҚТЫҚ ІСТЕРІ БОЙЫНША 11 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ЗАЛАЛ ӨТЕЛДІ
- авторZhambylokq
- 26 ақпан, 2026






