Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ҚҰЛАН ҚАЛАШЫҒЫ АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ МУЗЕЙГЕ АЙНАЛАДЫ

ҚҰЛАН ҚАЛАШЫҒЫ АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ МУЗЕЙГЕ АЙНАЛАДЫ
ашық дерек
Алдағы уақытта ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданында орналасқан Құлан қалашығында ауқымды халықаралық және республикалық ғылыми жоба іске асатын болады.

Жобаны Халықаралық Түркі мәдениеті және мұрасы қорының бастамасымен жүзеге асыру жоспарланып отыр. Аталған бастама аясында Құлан қалашығында музейлендіру жұмыстары қолға алынып, тарихи нысанның мәдени және ғылыми маңызы кеңінен зерттелмек. Бұл өз кезегінде қалашықтың тарихи келбетін қайта жаңғыртып, оны халықаралық деңгейде танытуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Төменгі Барысхан қалашығын жан-жақты зерттеу мақсатында музей-қорықтың ғылыми қызметкерлері «Ежелгі Барысхан қалашығы: тарихи-мәдени мұраны сақтау және зерттеу» тақырыбында арнайы ғылыми жоба әзірлеу үстінде. Жоба тарихи ескерткіштерді қорғау, сақтау және ғылыми айналымға енгізу бағыттарын қамтиды.

Болашақта археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген жағдайда, бұл аумақты тарихи-мәдени туризм нысаны ретінде дамытуға зор әлеует бар. Жоба аясында ғылыми-зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, ашық аспан астындағы музей ұйымдастыру, қалашықты туристік маршруттарға енгізу және тарихи мұраны сақтау бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру көзделіп отыр.

Аталған бастамалар ұлттық тарихты тереңірек танып-білуге, мәдени мұраны келер ұрпаққа аман жеткізуге және өңірдің туристік әлеуетін арттыруға оң ықпал етпек. 

Қорытындылай келе, аталған цифрлық шешімдер мен технологиялық жаңғыру бағытындағы жобалар тарихи-мәдени мұраны сақтау мен танытудың жаңа кезеңін қалыптастырып отыр. Жасанды интеллект, QR-төлем жүйелері, турникеттер мен мультивалюталық қайырымдылық жәшіктерін енгізу музей нысандарының қызметін заманауи талаптарға сай жетілдіріп, ашықтықты, қауіпсіздікті және қолайлылықты арттырады. Бұл бастамалар келушілерге сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік беріп қана қоймай, отандық музей ісінің цифрлық даму деңгейін көтеруге және мәдени нысандардың тартымдылығын күшейтуге ықпал етеді.

 

 

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар