КІРПІК ЖАСАТУ, ТЫРНАҚ ІСТЕТУ ОРАЗАҒА КЕДЕРГІ КЕЛТІРМЕЙДІ
- author Zhambylokq
- Бүгін, 17:31
- 1
Сұрақ: Ораза кезінде не нәрселерге тыйым салынады? Мысалы: қыз балалары кірпік жасатып, жасанды тырнақпен жүріп, бастысы ниет деп ораза ұстауларын жалғастыра береді? Бұл қаншалықты дұрыс ?
Жалпы бұл оразаға кедергі келтірмейді, бояну, кірпік жасату яки болмаса тырнақ жасату деген нәрселер. бұл оразаға кедергі келтіретін оразаны бұзатын нәрселер бұл ішіп жеу, су ішу тамақтану деген сияқты немесе жаңағы жыныстық қатынаста болу деген нәрселерден тыйылса болғаны. Олар негізі оразаның ұстануынан немесе оразаның қабыл болуына кедергі келетіретін факторларға жатпайды. Ораза ұстау үшін дәреттің болуы шарт емес, енді бірақ әдеп бойынша дәрет алғаныңыз нұр үстіне нұр болмақ. Дәрет алып барып ауыз ашқаныңыз немесе ауыз бекіткеңіз.
Имамның айтуынша, оразаның негізгі мәні – адамның нәпсісін тыйып, сабыр мен тақуалыққа тәрбиелеу. Сондықтан тек ішіп-жеуден ғана емес, жаман сөзден, өсек-аяңнан, біреуге тіл тигізуден, ашу-ызаға берілуден де сақтану қажет. Рамазан айы – рухани тазару айы, бұл кезде мүмін мұсылман мүмкіндігінше құлшылықты арттырып, Құран оқуға, садақа беруге, жақсылық жасауға көңіл бөлгені абзал.
Сондай-ақ бас имам ораза ұстаушыларға ниеттің дұрыстығы мен ықыластың маңыздылығын атап өтті. Ауыз бекіту мен ауыз ашу кезінде дұға жасап, Алладан кешірім сұрау – оразаның сауабын арттыра түсетін амалдардың бірі екенін жеткізді.




