Референдум-2026

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 2 НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 2 НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
ашық дерек
Жамбыл облысы аумағында барлығы 357 елді мекен бар. Оның ішінде 4 қала және 353 ауылдық елді мекенде жалпы 1,222 млн адам тұрады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бүгінде облыстағы барлық елді мекен 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етілген.

Өткен жылы өңірде ауыз сумен қамту және инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, 13,9 млрд теңге көлемінде қаржы бөлініп, 24 елді мекен мен 9 тұрғын алқапта құрылыс жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар бойынша орталық атқарушы органға тиісті есеп ұсынылды.

Сонымен қатар, облыс аумағында тозығы жеткен ауыз су желілері мен су тарату нысандарын қайта жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Бұл бағытта инженерлік желілерді жаңарту арқылы халықты сапалы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету көзделген.

2025 жылы 11 елді мекеннің ауыз су жүйелерін қайта жаңғыртуға 2,9 млрд теңге қарастырылды. Нәтижесінде 2 нысанның құрылысы толық аяқталды, ал қалған 9 нысанның жұмыстары 2026 жылға өтпелі болып белгіленді. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы қосымша 2 елді мекеннің ауыз су жүйелері қайта жаңғыртудан өтеді.

Арнаулы мемлекеттік қор есебінен 8 жобаға 8,9 млрд теңге бөлінді. Жалпы 2026 жылға 19 жоба бойынша 17,1 млрд теңге қарастырылған.

Сондай-ақ, ауыз су және су бұру жүйелерін жаңарту мақсатында жалпы құны 79,5 млрд теңгені құрайтын 41 жоба әзірленді. Бұл жобаларды жүзеге асыру жалпы сипаттағы трансферттер және арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда аталған жобаларды инвесторлар арқылы іске асыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, ауыз сумен қамту және инфрақұрылымды жаңғырту мәселесі тұрақты бақылауда және кезең-кезеңімен толық шешімін табатын болады.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар