2025 ЖЫЛҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ
- author Zhambylokq
- Бүгін, 15:31
- 1
2024 жылдың қорытындысы бойынша облыста туылғандағы күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75,53 жасты құрады (жоспар – 75,7 жас).
Туу көрсеткіші 9,1%-ға төмендеп, 18,19-ды құрады (2024 жылғы қаңтар-қазан – 20,02).
Өлім-жітім 0,7%-ға төмендеп, 6,01 болды (6,05).
Сәби өлімі 20,5%-ға төмендеп, 6,55-ті құрады (8,24).
Кадрлық қамтамасыз ету мәселесіне тоқталсақ, облыста мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдарда барлығы 15 455 медицина қызметкері жұмыс істейді. Оның ішінде 3 458 дәрігер, 11 997 орта буын қызметкері бар.
Қазіргі таңда дәрігер тапшылығы 74 бірлікті құрайды (28 – қалада, 46 – ауылда).
Кадр тапшылығын шешу мақсатында жергілікті бюджет есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға гранттар бөлінуде. 2019–2025 жылдары аралығында резидентураға 179 грант бөлінді. Қазіргі таңда 84 дәрігер оқуда, 45 дәрігер жұмысқа орналасты.
Республикалық бюджет есебінен оқыған 53 дәрігер өңірге келіп жұмысқа орналасты.
2026 жылы жергілікті бюджетпен оқуды аяқтайтын 40 дәрігердің және республикалық бюджетпен бітіретін 15 дәрігердің жұмысқа орналасуы күтілуде.
Жас мамандарды тарту мақсатында әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Жіті тапшы мамандарға 8,5 млн теңге, ауылдық елді мекендерге – 1,2 млн теңге, Тараз қаласына – 800 мың теңге көлемінде біржолғы төлемдер белгіленген.
Ағымдағы жылы өңірге 90 жас маман келді, оның 19-ы қалаға, 71-і аудандарға жіберілді.
2025 жылы 7 284 медицина қызметкері біліктілігін арттырды, оның ішінде 1 209 дәрігер, 6 072 орта буын қызметкері.
Қаржыландыруға келсек, 2025 жылы сала бюджеті 155,4 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 21,5 млрд теңге денсаулық сақтау басқармасы арқылы, 133,9 млрд теңге Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы бөлінді (ГОБМП – 73,8 млрд теңге, ОСМС – 60,1 млрд теңге).
2026 жылға 155,0 млрд теңге жоспарланған. Оның ішінде 16,6 млрд теңге – басқарма арқылы, 138,4 млрд теңге – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы (ГОБМП – 67,5 млрд теңге, ОСМС – 70,9 млрд теңге).
Облыста 383 денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді: 23 аурухана, 25 емхана, 116 дәрігерлік амбулатория, 58 фельдшерлік-акушерлік пункт, 151 медициналық пункт, 3 оңалту орталығы, 1 санаторий және 6 өзге нысан.
2025 жылы 1 551,3 млн теңгеге 12 нысанға күрделі жөндеу жүргізілді, оның 11-і аяқталды. Қалған 1 нысан – облыстық оңалту орталығы – ағымдағы жылдың ақпан айында аяқталады.
2026 жылы 660,2 млн теңгеге 4 нысанға күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда.
Құрылыс жұмыстары бойынша 2025 жылы 4 048,0 млн теңгеге 5 нысан қамтылды. Оның 4-еуі пайдалануға берілді. Қалған 1 нысанды ағымдағы жылдың мамыр айында аяқтау жоспарлануда.
Материалдық-техникалық жарақтандыруға 2025 жылы жалпы 6,1 млрд теңге бағытталды. Оның ішінде республикалық бюджеттен 3,1 млрд теңгеге МРТ, компьютерлік томограф, ангиограф, маммографтар сатып алынды. Жергілікті бюджеттен 3,0 млрд теңгеге жылжымалы рентген, УДЗ аппараттары, транспорттық инкубаторлар және өзге жабдықтар алынды.
Жарақтандыру деңгейі 92,32%-ды құрайды.
Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен 3,6 млрд теңгеге ПАКС жүйесі және жасанды интеллект негізінде қатерлі ісікті ерте анықтауға арналған жүйе орнатылды.
2026 жылы республикалық бюджеттен 2,4 млрд теңгеге 2 ангиограф және 2 МРТ, жергілікті бюджеттен 868 млн теңгеге КТ және МРТ аппараттарын сатып алу жоспарлануда.
“Қазақстан халқына” қорынан 4,5 млрд теңге, жеке инвестициялар есебінен 2 млрд теңге тарту қарастырылуда.
Өтініш-арыздар мәселесіне келсек, 2025 жылы 2 500 өтініш тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,5%-ға көп. Оның 1 677-сі арыз, 196-сы шағым, 68-і ұсыныс, 559-ы өзге сипатта.
Шағымдардың 50%-ы медициналық көмектің сапасына, 30%-ы медициналық көмектен бас тартуға, 10%-ы дәрілік заттарды беруден бас тартуға, 10%-ы медициналық этика мәселелеріне қатысты.
Шағымдарды азайту мақсатында:
– емханаларда «қазір және осында» қағидаты бойынша ақпараттық бұрыштар ұйымдастырылды;
– медициналық ұйым басшыларына KPI жүйесі енгізілді;
– алғашқы медициналық ұйымдарда бірыңғай Call-орталық орнату жоспарлануда;
– жауапты мамандарға арналған оқыту семинарлары өткізілуде.
2026 жылға жоспарға сәйкес:
– республикалық бюджеттен 2,4 млрд теңгеге 2 МРТ және 2 ангиограф;
– жергілікті бюджеттен 1,5 млрд теңгеге 1 МРТ және 1 КТ сатып алу;
– 110 млн теңгеге инсультті автоматты диагностикалайтын «Cerebra» жүйесін енгізу;
– 689,3 млн теңгеге және 224,7 млн теңгеге медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «Смарт-бейнежетондар» жобасын іске асыру;
– 2,3 млрд теңгеге лизинг арқылы 60 санитарлық автокөлік алу жоспарлануда.
Жалпы, алдағы кезеңде негізгі басымдықтар – ана мен бала денсаулығын жақсарту, кадр тапшылығын төмендету, медициналық қызмет сапасын арттыру және заманауи технологияларды енгізу болып қала береді.




