Референдум-2026

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Байланыс

  • ato.uvp@mail.ru
  • +7 705 537 5268
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

2026 ЖЫЛЫ ҚҰНЫ 700 МЛРД ТЕҢГЕ БОЛАТЫН ІРІ ХИМИЯЛЫҚ КЕШЕН САЛУ ЖОСПАРЛАНУДА

2026 ЖЫЛЫ ҚҰНЫ 700 МЛРД ТЕҢГЕ БОЛАТЫН ІРІ ХИМИЯЛЫҚ КЕШЕН САЛУ ЖОСПАРЛАНУДА
ашық
2026 жылы өңірде құны 700 млрд теңгені құрайтын ірі химиялық кешен құрылысы бойынша жаңа инвестициялық келісімге қол қою жоспарлануда. Бұл ауқымды жоба өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға, жоғары технологиялы өндірістерді дамытуға және экономиканың әртараптануына серпін беруге бағытталған. Кешен іске қосылған жағдайда жаңа жұмыс орындары ашылып, өңірдің инвестициялық тартымдылығы айтарлықтай артады.

Сонымен қатар, қазіргі таңда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауытын салу жобасы пысықталуда. Жобаға әлеуетті инвестор тартылып, оның негізгі параметрлері талқылану үстінде. Бұл бастама өңірдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қалдықтарды қайта өңдеудің заманауи технологияларын енгізуге және қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, биыл «Zhambyl Invest» компаниясы тартқан және сүйемелдеген бірқатар инвестициялық жобаларды іске қосу күтілуде. Бұл өңірде жүйелі түрде қалыптасып келе жатқан инвестициялық портфельдің нәтижесі болып табылады.

Негізгі жобалардың қатарында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған жүгеріні терең өңдеу зауытының бірінші кезеңін іске қосу жоспарланып отыр. Аталған жоба ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу деңгейін арттырып, қосылған құн тізбегін кеңейтуге ықпал етеді. Сонымен қатар, бірінші кезеңде бу-газ электр станциясын пайдалануға беру көзделуде, бұл өңірдің энергетикалық тұрақтылығын нығайтады.

Өнеркәсіптік секторда ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру жобасын іске қосу жоспарлануда. Бұл өз кезегінде жергілікті өндірісті дамытуға және аграрлық сектордың техникалық жарақтануын жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ су үнемдеу технологияларын енгізу мақсатында тамшылатып суару жүйелерін өндіру жобасы да жүзеге асырылмақ. Бұл бастама ауыл шаруашылығында ресурстарды тиімді пайдалануға және өнімділікті арттыруға ықпал етеді.

Осылайша, Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация өңірді дамытудың тиімді тетігіне айналып, ұзақ мерзімді инвестициялық саясатты қалыптастыруда маңызды рөл атқарып отыр. Жүзеге асырылып жатқан және жоспарланған жобалар Жамбыл облысының экономикалық өсімін қамтамасыз етіп, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға негіз болмақ.

Zhambylokq
Автор

Zhambylokq

Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметі - Ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар