КЕРІ БАЙЛАНЫС: ҚАЙ ӘКІМ БЕЛСЕНДІ?
Бүгінде әкімдердің атқарған жұмысын әлеуметтік желідегі белсенділігі мен жариялаған жарияланымдарына қарап өлшейтін кезеңге қадам бастық.Бұл халықпен байланыс орнатуда барлық тарапқа ыңғайлы әрі ұтымды саналып отыр.
Қазір барлық деңгейдегі әкімдердің әлеуметтік желілердегі белсенділігін әр қырынан қарастыруға болады. Мәселен, кейбір әкімдер желілерді өздерінің жұмысын жарнамалауға, іссапарларын, жиындарда сөйлеген сөздерін насихаттауға, халықты түрлі мерекелермен құттықтауға ғана пайдаланып жатады.
Дегенмен, мемлекет басшысы тапсырған тапсырма ретінде қарастыратын болсақ, қоғамның және тұрғындар тарапынан туындағын мәселелерді, талап-тілектерді тыңдап, желіні ұтымды пайдалануы қажет. Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемелекет» тұжырымдамасына сай, өзегі болуы тиіс.
Осы орайда біз, Жамбылдағы қала және аудан әкімдерінің әлеуметтік желідегі «кері байланысына» қатысты қысқаша шолу жасаған едік. Назарларыңызға алғашқы үштікті ұсынамыз. 1.Жәнібеков Бақытжан Оразалыұлы - Шу ауданының әкімі Аудан әкімі әлеуметтік желі парақшалары арқылы өзекті мәселелердің шешу жолдарын үнемі жариялап отырады. Әсіресе, басымдықты жол жөндеу мен құрылыс жұмыстарының сапасына беріп, үнемі бақылауда ұстайды.
Бақытжан Оразалыұлы аудан әкімі болып тағайындалған уақыттан бері Шу өңірінде болған бірнеше қиын кезеңдерде өзінің ресми парақшасы арқылы тұрғындарға өзекті және дұрыс ақпаратты жедел хабарлап отырды.
Халықпен кері байланыста барынша ашықтық ұстанымын ұстанытыны байқалады. Себебі әлеуметтік желіде жарияланған сыни ақпараттардың барлығына дерлік өзі жауап беріп, мәселенің шешу жолдарымен бөліседі. 2.Орынбеков Бақытжан Әмірбекұлы - Тараз қаласының әкімі Қала әкімі әлеуметтік желіні белсенді пайдаланады. Қатысқан іс-шаралар, қала төңірегінде жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстары, құрылыс нысандарын бақылау, тұрғындармен кездесу жайлы түрлі ақпараттармен бөліседі. Парақшада жүктелген ақпараттар сапалы түрде жарияланып, мәтіні қарапайым тұрғындарға түсінікті жазылған.
Өзіне қойылған сұрақтарға әкімнің көмекшісі немесе Тараз қаласының ресми парақшасынан жауап беріледі. Себебі аудандармен салыстырғанда қала әкімдігі мен қала әкіміне қойылатын сұрақтар өте көп. Әр хабарламаны 24 cағат бойы қарап, өңдеп отыру мүмкін емес. Сондықтан мәселенің осы қырын оңтайландыру мақсатында қала әкімдігіне қарасты «Медиа орталықтың» тиімділігін айта кеткен жөн. Әлеуметтік желіде халықтың сапасыз жолдар, балалар алаңын салу сынды мәселелерді назарға алып, өтініш түскен алқап немесе саяжай тұрғындарымен кездесу барысында шешетінін айтады.
- Ерлан Қыдыралыұлы - Жамбыл ауданының әкімі