Жаңалықтар
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Жамбыл облысындағы күндері өтеді
- author Zhambylokq
- 22 қыркүйек, 2023
- 28
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Жамбыл облысындағы күндері өтеді
2023 жылғы 25-29 қыркүйек аралығында ҚР ПІБ Медициналық орталығының өкілдері Жамбыл облысына іссапармен келеді. Сапардың негізгі мақсаты – денсаулық сақтау саласындағы жаңа медициналық технологияларды Жамбыл облысының медициналық мекемелеріне енгізу, ауруларды алдын алуда, диагностикалауда және емдеуде қолданылатын заманауи әдістермен бөлісу, сондай-ақ ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты арттыру.
Медициналық орталығы ауруханасының және Орталық клиникалық аурухананың жоғары білікті мамандары, атап айтқанда нейрохирург, гинеколог, уролог, онкохирург және басқа да мамандар өңірдің емдеу мекемелерінде шеберлік кластарын өткізеді, сондай-ақ облыс тұрғындарына тегін консультациялар беріп, Тараз қалалық көпбейінді ауруханасы мен Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығы базасында күрделі операцияларды жасайды.
Пациенттерді қабылдау туралы ақпарат: 25 қыркүйек күні Тараз қалалық көпбейінді ауруханасында пациенттерді келесі мамандар қабылдайды:
09:30 - 13:00 – Мыңжылқы Бердіходжаев - жоғары санатты нейрохирург дәрігері.
10:00 - 12:00 – Марат Саршаев - бірінші санатты нейрохирург дәрігері.
Жамбыл облыстық көп бейінді онкология және хирургия орталығында пациенттерді келесі маман қабылдайды:
10:00 - 12:00 – Галия Хорошаш - жоғары санатты онколог дәрігері; 27 қыркүйек күні Тараз қалалық көпбейінді ауруханасында пациенттерді келесі мамандар қабылдайды:
10:00 - 12:00 – Шарафутдин Азизов - жоғары санатты уролог дәрігері.
10:00 - 12:00 – Айгуль Турсунова - жоғары санатты гинеколог дәрігері.
Медициналық орталықтың басқа ведомствалық ұйымдары - Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының мамандары, «Қарлығаш» балабақшасының, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің қызметкерлері өз бағыттары бойынша тренингтер өткізіп, өңір дәрігерлеріне шеберлік сыныптарын өткізеді.
Сондай-ақ, ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы және Жамбыл облысының әкімдігі арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланып отыр.
Осының бәрі технологиялар трансфертін іске асыруға және өңірдегі дәрігерлерді оқытып, олардың біліктілігін арттыруға, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін дамыту арқылы отандық медицинаның сапасын жақсартуға, халыққа жоғары мамандандырылған көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Осыған дейін Медициналық орталықтың делегациясы Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай облыстары және Шымкент қаласында болды. Осы форматтағы іс-шаралар биыл еліміздің басқа да өңірлерінде өз жалғасын табады. БАҚ өкілдері үшін қосымша ақпаратты көрсетілген телефондар арқылы алуға болады: +7 7172 74 97 00, +7 708 888 88 06
Келесі мақала
Мәдениет күні жұлдызы биік Жуалыда жалғасын тапты
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АУЫЛДА 263 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
- авторZhambylokq
- 26 желтоқсан, 2024