Жаңалықтар
Мәдениет күні жұлдызы биік Жуалыда жалғасын тапты
- author Zhambylokq
- 22 қыркүйек, 2023
- 123

Мәдениет күні жұлдызы биік Жуалыда жалғасын тапты
Қайтпас қайсар ерлік пен аласармас өрліктің мекеніне айналған Жуалы жерінде “Мәдениет - асыл қазынам” атты мәдениет күні жалғасын тапты. Шара даңқты батыр Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл қойып, баба рухына тағзым етуден басталды. Мәдениет күні барысында түрлі тақырыптық көрмелер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі көпшілік назарына ұсынылды. Облыс әкімі аппаратының басшысы Мәди Мәтен шараны құттықтау сөзімен бастады Мәдениет күніне облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай, Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза, халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев т.б зиялы қауым өкілдері, аудан қонақтары мен тұрғындары қатысты. Сонымен қатар, Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова Жамбыл облысына іссапары барысында Жуалы ауданының мәдениет күніне қатысты Ауданның мәдени өмірі насихатталған шарада республикаға танымал “Қоңыр” тобы, Жанна Асанқұлова, Қанат Мырзахан өнер көрсетті.
Келесі мақала
Абиба Әбужақынова – Азия ойындарының күміс жүлдегері
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ «JIBEK JOLY» АЭА АРҚЫЛЫ ӘЛЕМДІК НАРЫҚҚА ҚАДАМ БАСУДА
- авторZhambylokq
- 13 тамыз, 2025